Орындаған: Елтай Н. Н. Тобы: жмқ(А) 02-22 Қабылдаған



бет1/7
Дата15.04.2023
өлшемі83,27 Kb.
#82687
  1   2   3   4   5   6   7




«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы


Контент-анализ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері.

Орындаған: Елтай Н.Н.
Тобы: ЖМҚ(А) 02-22
Қабылдаған:Маликов М.М


Шымкент-2023ж
Жоспар:


  1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, мақсаттары мен міндеттері .

  2. Қылмыстық сот төрелігінің принциптері. Қылмыстық процеске қатысушылар.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының мәні, принциптері.


1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, мақсаттары мен міндеттері
Қылмыстық процесс (қылмыстық сот ісін жүргізу) — бұл заңға негізделген, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, сондай-ақ оған қатысатын адамдардың құқықтық қатынастар нысанына алынған, ерекше қылмыстық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын және қылмыстарды тез әрі толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге және қылмыстық жауаптылыққа тартуға қол жеткізу үшін жүргізілетін, әділ сот орындайтын қызметі, сот талқылауы және қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жайжапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, карау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну. Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады. Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарынын қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген. Осы аныктамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашьш көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент тандау нақты құқық мектебінің айқындамасьша байланысты. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:
-бұл дербес құқық саласы; іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады; өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
- өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі;
- олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіңдегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары: а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының; ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының; б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпальшан байқалады. ҚІЖК-нің 8-бабы осы міндеттерге арналған.
Мұнда былай деп көрсетілген:
1.Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады.
2.Қылмыстық іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқыкты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемесуі тиіс. Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет