Қылмыстық сот төрелігінің принциптері. Қылмыстық процеске қатысушылар.
«Принцип»термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады. Сонымен, қылмыстық процестің принциптері — қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай), бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалда-рының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады. Қылмыстық процестің принциптерін бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, занда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің принциптері ретінде бола алады деп санайды.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар. Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мең заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек. Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар.
Л.Д. Кокоревтің пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» терминдері — мән-маңызы бірдей ұғымдар , бірақ қылмыстық процесс үшін «қатысушылар» термині лайықтылау, өйткені «субъектілер» термині жалпылама сипатта. Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат альш отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. «Субъект» терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен білдірілген. Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды. Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды. Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп қолдаушылар таіждн екінші көзқарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген. Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар» категориясының заңдылығын жалпы теріске Бір жағынан, «процеске қатысушылар» терминін түсіну, ал екінші жағынан — процеске қатысушьшар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін аныктау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні: 1)«процеске қатысушылар» категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен; 2)іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.
Бірінші шағын топ— дәлелдер беру жөніңдегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар; Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатьш процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларынын кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.; Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орыңдау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б. Құрамына үш шағын топ кіретін үшінші жіктеу тобы ең көлемді топ. Оған осы топты өзге топтардан ерекшелейтін жекелеген белгілер, атап айтқанда мыналар тән.