Орындаған: Ермек Аружан Нурланқызы Қабылдаған: Авдрасоль С. Аралық бақылау-2


Цифрлық технологиялар және интернет ресурстарының қауіпсіздігі



бет2/6
Дата02.05.2023
өлшемі22,87 Kb.
#88838
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Цкт 2

3. Цифрлық технологиялар және интернет ресурстарының қауіпсіздігі


Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы.
Мессенджерде сөйлесу, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамың қарапайым өмірінің бөлігіне айналып отыр. Қазақстандықтардың өмірлеріне интенсивті түрде кірген цифрландыру экономиканың жаңа моделін қалыптастырады. Осы жаңа модель шеңберінде негізгі салалар мен бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның бүкіл өмірі цифрланып отыр.


Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтеріне жылдам қол жетімділігі бар болуы үшін жұмыс істейді. Бұл – алуан түрлі өтініштерді беру, анықтамаларды, лицензияларды алу, тіркеу мен басқа операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сонымен қатар басқа да ұйымдар, мысалы банктер мен пошта да өз кезегінде өз жұмыстаран электрондық форматқа көшіріп отыр. Алайда, азаматтардың белгілі бір бөлігі жаңа технологияларды қолдана алмайды. Осы мәселені шешу үшін халықты әдеттегі қызметтерді жаңа тәсілдермен қолдануды үйрету қажет.


«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазіргі таңда халықтың цифрлық сауаттылығын жоғарылататын оқу курстары бар болса да, жасалынып жатқан іс-шаралар жеткілікті емес сияқты.


Бүгінгі таңда технологиялар айлап санап емес, әр сағат сайын жаңартылып отыр. Сондықтан да халықтың көпшілігін негізгі цифрлық сауаттылыққа үйретіп отырғанша, халықтың цифрлық сауаттылығы технологиялар дамуынының қарқынына ілесе алмай отыр.
4. Білім беру саласындағы бұлттық технологиялар


ІТ технологиялар дамыған сайын, тұтынушылардың сұраныстары артып келеді. Бұлттық технологиялардың өзінің заманауи сервистерінің қарқынды дамуының арқасында қолдану салалары анағұрлым ұлғая түсуде.


Жалпыға қолжетімді және ресурс сыйымдылығы жоғары, қашықтан қолдану мүмкіндігі бар, әріптесімен бір мезетте бір құжатты бірлесіп өңдеуді қамтамасыз ететін бұлттық сервис түрлерінің қай салада болсын тигізер пайдасы көп.


Бұлттық технологиялар мақсатына қарай төрт түрге бөлінеді:
Жеке бұлттар (private cloud). Жеке бұлтты дербес басқара алатын кәсіпорынның өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Кәсіпорынның өзі де үшінші тараптың меншігі болуы мүмкін.


Қоғамдық бұлттар (public cloud). Көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Коммерциялық, ғылыми және үкіметтік
ұйымдардың меншігінде болуы мүмкін. Мысал ретінде әлеуметтік желілердегі Facebook, Twitter; Интернет желісіндегі Google, Яндекс т.с.с. қоғамдық бұлттарды аламыз.


Ортақ бұлттар (community cloud). Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым. Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауапкершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі. Кез келген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады.


Аралас бұлттар (hybrid cloud). Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімін атауға болады. Осы модельді географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері
бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.


Көрсетілген бұлттық технологиялар мақсаттарына байланысты өмірдің
әртүрлі салаларында қолданылып келеді. Бұлттық технологиялардың қолдану салалары өте ауқымды: онлайн-аудармашылар, жедел төлемдер, видеобайланыс, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мәтін, кесте, фотосуретпен жұмыс істеуге
арналған әдеттегі программалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет