«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» БӨЖ
Орындаған: Ертаева Назерке
Тобы: КЯ-901
2022 жыл
1) XXI ғасырда рухани жаңғырған қазақ қоғамын қалыптастыруда Абай ұсынған «толық адам» концепциясының маңыздылығы қандай? Абай – ұлы тұлға. Ахмет Байтұрсынұлының өзі «Абай – қазақтың бас ақыны» деп тегін айтпаған болар. Ғалым, ойшыл, әдебиеттанушы М.Әуезов: «Абай адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды» - деген. Абайдың бар өмірі халқын адамгершілікке үндеумен өткен. Белігілі ғалым Мақсат Әліпханов өзінің бір мақаласында: «Абай – адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын» - деп жоғары баға берген.
Енді «Абай ұсынған «толық адам» концепциясының маңыздылығы қандай?»-деген сұраққа тоқталсақ: Абайдың «толық адамы», «кемел адамы» деген тақырыпты қозғағанда, адамгершілік тақырыбына тоқталмай өту мүмкін емес. Адам мәселесі – әдебиетте, философияда, психологияда және т.б. салаларда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Қазақтың ұлы данышпаны Абай «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген қанатты сөз қалдырған. Адамның «адам» болып қалыптасуы туғаннан басталады. Бірақ, адам мен Абай айтқан «толық адам» деген екі түрлі ұғым. Абайдың «толық адамын», «кемел адамын» зерттеу барысында 17 қара сөзі мен «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» деген өлеңдерінен бастау алады.
Абайдың пікірінше, «толық адамға» тән қасиеттердің көрінісі төмендегідей: 1) Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау; 2) Иманды болу: ««Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәріксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, иланбақ». Аллаға шын жүректен сену.
3) «Имани гүл»: 1) Алланы сүю; 2) «Бауырым» деп адамзаттың бәрін сүю; 3) Әділеттілікті сүю;