Екінші айырмашылығы олардың өмірлерінің түпкі мақсатында. Толық адамдарда бірақ мақсат бар. Ол – Түп Иеге қайту. Ол үшін толық адамдар Абайдың «Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» қағиданы берік ұстанып, Аллаға деген биік махаббатқа жетуге ұмтылады. Олар құлшылық жолындағылар. Себебі, біреуді жақсы көру үшін оны сырттай біліп қою жеткіліксіз. Нағыз сүйіспеншілік қарым-қатынастан басталады. Сол сияқты Алла тағаланы ешуақытта ұмытпай, әруақытта естерінде ұстаушылар.
Үшінші айырмашылығы– Құдайға деген Абай көрсеткен ынталы жүрек, шын көңілдің тазалығында. Бұл олардың қасиеттерінің айырмашылығы.
Төртінші айырмашылық – адам мен толық адамның негізгі қасиеттерінде. Материалдық сатыдағы «адамдардың» негізгі қасиеті – имандылық дәрежесімен өлшенеді. Соған байланысты олар түрлі жетілу деңгейінде болады. Ал рухани жетілу сатысындағы «толық адамдардың» негізгі қасиеті – Құдайға берілу, яғни Оған деген ынта жүрек пен шын көңіл дәрежесімен өлшенеді.
Абайдың «толық адамы» - адамгершіліктің шыңына жеткен, ақылы толықсыған, ақылы мен қайратын жүрекке бағындыра алатын тұлға.Абайды оқу бір басқа, ал Абайды тоқу, Абайдың «толық адамы» туралы ойларын көңілге түйіп, дәл сондай адам болуға ұмтылу бір басқа құбылыс.
Әдебиеттер:
1. Мекемтас М. «Абай және Шығыс – Алматы: Қазақстан, 1994 ж.
2. Омаров Д. «Абайдың рухани мұрасы» - Алматы: «Ел-шежіре» баспасы, 2007ж.
3. Мырзахметов М. «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары». – Алматы: Ғылым,
1982. – 296 б., Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 272 б.