4) Үш сипатты қалыптастыру: «ақыл, рақым, әділет», яғни «жәуанмәртлік»;
5) Ғылым – білімді үйрену. Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, тәрбиелігі, саналығы дүниені зерттеумен оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру оның пікірінше адамға тән қасиет. Абайдың «толық адамды» 4 топқа бөліп қарастырған:
1) Кәміл мұсылмандар 2) Хакімдер 3) Әулиелер 4) Пайғамбарлар. Әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктерін көрсеткен.
2) Адамзат баласы түрлі жолмен жетіледі. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абай шығармаларынан мысал келтіре отырып, осы тұжырымға пікір қосыңыз. «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу», дейді ұлы Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді.
Абайдың адам туралы негізгі түжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады… Біреуі білсем екен демеклік. Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», – дейді ойшыл-ақын. Демек, ең алдымен жүрек пен ойды, тәнді де жетілдіріп, бойымызға рухани құндылықтарды барынша игеріп, адамгершіліктен айнымай, оларды өмірде орынды түрде пайдалана білуіміз керек деп ойлаймын.