Жүктілікпен байланысты гипертензивті жағдайлар. Жеңіл және ауыр дәрежелі преэклампсия. Клиникалық көріністері. Диагностика. Асқынуы. Алғашқы көмек және жүргізу тактикасы (емі)
Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.
Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.
Преэклампсия – жүктіліктің 2-ші кезеңінде (20 аптадан кейін) пайда болатын, әдетте АҚҚ жоғарылауымен және протеинуриямен байқалатын жүйелі синдром.
жеңіл преэклампсия;
ауыр преэклампсия;
эклампсия.
Преэклампсия патогенезі
Қазіргі кезде преэклампсияның дамуында жетекші рөл эндотелийдің дисфунксиясы болады. Жетекші зақымдаушы фактор – гиповолемиямен қанның реологиялық және коагуляциялық қызметінің өзгерісімен байқалатын, өмірге маңызды мүшелердің және плацентаның перфузиясын төмендеуіне алып келетін жайылған қан тамырларының тарылуы. Өз кезегінде жатыр-плаценталық кешеннің тіндерінде дамитын гипоксия эндотелийдің тромборезистенттік және вазоактивті қасиеттерін, медиаторлар бөлінуін бұзып эндотелийдің зақымдануына алып келеді. Простоциклин мен простогландин Е жеткіліксіз өндірілуі немесе простагландин F және тромбоксанның шамадан тыс өндірілуі жайылған қан тамырлардың тарылуына, жалпы қантамырларының перифериялық қарсыласуына, жүректіңқан айдау қызметінің азаюына, бүйректің қанайналымы мен шумақтық сүзілімінің төмендеуіне, плацентадағы микроциркуляцияның нашарлауына алып келеді.