Фашисттік милитаристік топтардың билікке келуі,әлемдік үстемдікке ұмтылуы ХХ-ғасырдың 30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты.1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасыр адамзаттың ғылыми, әлеуметтік және ұлттық прогресс жолында ғаламат табыстарға жетуімен есте қалды. Сонымен қатар, бұрын белгісіз болған фашизм және әлемдік соғыстар сияқты жойқын құбылыстарды да атап өтпеске болмайды. Бұл құбылыстардың экономикалық, саяси және идеологиялық түп-тамыры әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Екінші дүние жүзілік соғыс аралығында тыныштықты сақтау жөніндегі келісімдердің көп жасалғандығы соншалық олардың санынан жаңылысасың. Алайда бір қарағанда бітімгершілік туралы салиқалы оңды қорытынды шығаруға жетелейтіндей көрінетін осы бір «келісім-шарттар торы» өрмекшінің торынан да әлсіз, үлбіреп тұрған бір нәрседей еді. Осындай келісімдер 115-ке жеткеннен кейін де Еуропа бейбітшіліктің камтамасыз етілгенін сезіне алмады.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.