Фашистердің Түркістан легионын құру әрекеттері Түркістан легионы-Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын Түркістан Легионының туы Түркістан Автономиясының туы негізінде жасалған.
Ғылым.Мәдениет Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан 100 ге жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында шайқасты. М. Әуезовтiң көптомдық “Абай” эпопеясының бiрiншi кiтабы, С.Мұқановтың өмiрбаяндық “Өмiр мектебi” повесi, Ғ.Мүсiреповтiң “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннiң “Шығанақ”, Ә.Әбiшевтiң “Жас түлектер” повестерi бүкiлодақтық оқырмандарға қазақ кеңестiк прозасының идеялық және көркемдiк жағынан кемелiне келгенiн көрсеттi. Қазақ әдебиетi С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин сияқты жаңа есiмдермен толықты. Майдангер-офицер Б.Бұлқышевтiң публицистикалық мақалалары елеулi құбылыс болды. Ж.Саин, Қ.Аманжолов майданда жүрiп жалынды жырлар жазды. Жамбылдың “Ленинградтық өренiм!” өлеңiнiң маңызы бүкiлодақтық дәрежеге көтерiлдi. Көшіріліп әкелінген мәдени мекемелер. Соғыс жылдары Қазақстанға 23 театр, 146 балалар үйі көшіріліп әкелінді. Кеңес мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлері ағайынды Васильевтер, М.Жаров, академик В.Вернадский және басқалар республикада кадр дайындауға және мәдениетті дамытуға көмек көрсетті. 1941 жылы қараша айында көшiрiлiп әкелiнген “Мосфильм”, “Ленфильм” киностудиялары мен Алматы киностудиясы негiзiнде көркем фильмдердiң бiрiккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды. Онда Кеңес киносының С. Эйзенштейн, Л.Трауберг, С.Юткевич, Ф.Эрмлер, Н.Черкасов, М.Жаров, Л.Орлова сияқты үздiк шеберлерi жұмыс iстедi. Төрт жылдық қазақ киноактерлер мектебi ұйымдастырылды. Сол кезде Қазақ КСР астанасында жұмыс iстеген Бүкiлодақтық мемлекеттiк кинематография институтында ұлттық кадрлар даярланды. М.О.Әуезовтiң, Ғ.Мүсiреповтiң, Ә.Тәжiбаевтың қатысуымен орталық киностудиялар шеберлерiмен бiрлесе отырып, “8-гвардиялық”, “Абай әндерi”, “Жауынгер ұлы”, “Қазақ киноконцерт майданға”, “Саған, майдан!” картиналары түсiрiлдi. Қазақстанның өнер қызметкерлерiнен құрылған II концерт бригадасы Калинин, Солтүстiк Батыс, Сталинград, Оңтүстiк-Батыс, Беларусь майдандарының, Ерекше Қиыр Шығыс әскери округiнiң және Тынық мұхит флотының шығыс әскери бөлiмдерiнде көптеген концерт қойып, жауынгерлердiң рухын көтерiп, жеңiске жiгерлендiрдi. 1942—1944 жылдары Қазақстанға майданнан 22 делегация келiп қайтты. Осының бәрi майдан мен тыл бiрлiгiнiң нығаюына жәрдемдесiп, кеңес адамдарының жеңiске деген сенiмiн күшейттi. Алайда бұл үміт ақталмады.
Білім беру саласы Жоғары оқу орындары. Көшiрiлiп әкелiнген Мәскеу авиация институты, Мәскеу түстi металдар мен алтын институты, Киев және Харьков бiрiккен мемлекеттiк университетi бiлiктi кадрлар даярлап шығара бастады. Соғыс кезiнде Алматыда мемлекеттiк шет тiлдер педагогика институты, Шымкентте технология институты, Қазақ мемлекеттiк консерваториясы, Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институты, Денешынықтыру институты ашылды.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. «Қазақстан тарихы» 4-том,Алматы«Атамұра» 2010ж.
2. Б.Ғ.Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А.Махат «Қазіргі Қазақстан тарихы», Алматы, «Раритет», 2010 жыл
6. «Ұлы Отан соғысының алғашқы жеңісі», Ә.Барбол, «Ақ жол».,2007 жыл,5-бет.