Орындаған: Ильяс Аяжан Дарынқызы Тақырыбы


Қазақстанның жалпы құстарының кейбір түрлеріне сипаттама



бет3/4
Дата21.11.2023
өлшемі1,32 Mb.
#125073
1   2   3   4
Байланысты:
СОӨЖ 3 Ильяс Аяжан

Қазақстанның жалпы құстарының кейбір түрлеріне сипаттама:

  1. Көгершін (лат: Columbae ) - Қазақстанда көгершіндерді жиі көруге болады. Көбінесе мұнда тас көгершінді көруге болады. Денесінің орташа ұзындығы 32 см, ал қанаты 62 см., қысқа мойынды, басы мен тұмсығы кішкентай, орташа мығым денелі құстар. Олардың ұзындықтары 15 см-ден 76 см-ге, ал салмақтары 0,5 кг-нан 2 кг-ға дейін жетеді. Құстардың жүні қалың және тығыз. Бұл түрдің түсі әртүрлі, барлығы 28 түрі бар. Қазақстанның сұр көгершіндері өзіне тән дауысты.

  2. Қара қарға (лат. Corvus corone) — торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

  3. Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

  4. Қоқиқаздар (лат. Phoenicopterus) — құстардың қырлы төсті құстар тармағының қоқиқаздар тұқымдасына жататын құстар туысы, дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар. Дене бітімі жұмыр. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

  5. Үкі-негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.

  6. Қарлығаш - жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді. Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет