Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 56 құс енгізілген. Олар жоғалуына, санының азаюына байланысты бірнеше санатқа бөлінеді. Оларға:
Мәрмәр шүрегей жойылып бара жатқан немесе мүмкін жойылып кеткен құстардың санатына (1санат) кіреді. Қазақстанда 1995 жылдан бері еш жерде кездеспеген. Бұл аридтік зонадан тыс жерге шықпайтын, таралу аймаңы тар жерортатеңіздік түр.
Алакөз сүңгуір-cаны күрт азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр ( 2 санат ). Олар Қазақстанда Зайсан шұңқырында, Алакөл көлдерінде, Іле, Шу, Сырдария өзендерінің аңғарында, Республиканың орталық және солтүстік аймақтарындағы кейбір су қоймаларында, Торғайдың сағасында ұялайды. Сондай-ақ, Іле өзенінің алабында, Сорбұлақ және Каспий теңізінде қыстайды. Бұл түр қалың қамыс қопаларында және су өсімдіктеріне бай терең көлдерде мекендейді. Бірақ, соңғы онжылдықта нақты санына қатысты деректер жоқ.
Құртамыш шалшықшы - cирек таралған (3 санат), аймағы шағын, реликті түр. Олар Шығыс Сібірде ұялайды және Шығыс Австралия мен Тасманияда қыстайды. Қазақстанда үш рет Қызылорда маңында, Теңіз-Қорғалжын ойысында және Алакөл көлінде кездескен. Республикада негізінен қоныс аудару кезінде кездестіруге болады.
Үлкен құралай – зерттелмеген (4 санат), кездейсоқ таралған, сирек түр. Қазақстанда таралуы зерттелмеген, тек қыста Іле және Талас Алатауының етегінде және жазда Жоңғар Алатауындағы Ақсу өзенінің жоғарғы жағында кездескен.
Қорытынды Кез келген мемлекеттің орнитофаунасы адам өмірімен және қызметімен тығыз байланысты. Біріншіден, практикалық пайдасы – Қазақстандағы құстардың көптеген түрлері егістіктерге, бау-бақшаларға зиян келтіретін жәндіктермен, сирек кеміргіштермен қоректенеді. Екіншіден, пайдасы – эстетикалық – адамның көзі тропикалық қоқиқаздардың экзотикалық сұлулығына және кәдімгі титмаустың икемді секірулеріне және лүпілдегеніне таңғалатыны сөзсіз, яғни, елімізде кездесетін құстардың әдемілігі Қазақстанның табиғатын одан әрмен сұлуландыруда.