Орындаған: Жаншина Мерей Тексерген: Джанкадыров Сейфулла Топ: Полиграфия 24 Жоспары: I кіріспе



бет2/2
Дата11.03.2022
өлшемі24,71 Kb.
#27562
1   2
Байланысты:
Срс Жаншина Мерей

Негізгі бөлім

Философтың шығармашылығында екі кезеңді айырықша атайды. Бірінші кезең 1927 жылы басталып, 30-шы жылдарға дейін созылды. Бұл кезде ол ең басты еңбегі «Болмыс пен уақытты» жазды. Осы еңбегімен ол бірден заманының алдыңғы қатарлы ойшылы боп шыға келді, Одан кейін «Кант және метафизика мәселелері», «Негіздің мәні жөнінде», «Метафизика дегеніміз не?» шығармаларын жариялады. Шығармашылығының екінші кезеңі 1935 жылдан басталып өмірінің ақырына дейін жалғасады. Екінші кезеңнің маңызды жұмыстары деп «Метафизикаға кіріспе», «Гельдерлин және поэзияның мәні», «Тілге жол түзеу», «Ницше» және т.б. өзгелерін атауға болады.

Бірінші кезеңінде Хайдеггер адамзат тірлігінің негізі ретіндегі болмыс туралы ілімнен тұратын тұтас дүниетаным құруға талпынды. Екінші кезеңінде ол Анаксимандр, Аристотел, Платон шығармаларынан бастап, Гельдерлин, Ницше, Рилькеге дейінгі философиялық идеяларды пайымдауға кіріседі. Сөйтіп ол философия тарихын философияның мәңгілік көкжиегіне айналдырады. Сонымен бірге осы кезеңде тіл мәселесі философ ойының басты тақырыбына айналады.

"Болмыс - болушының болуы. "Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.

Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар болуға бөледі. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй бар болушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей.

Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана интрумент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.

«Болмыс және уақыт» - Мартин Хайдеггер 1927 жылы жариялаған әйгілі туындысы. Бұл дәуір бөлгіш туынды асығыста жазылса да, кітапта кіріссөзінде жоспарланған міндет толық орындалмаса да, бірақ бұл туынды ХХ ғасыр мәдениетіне, әсіресе экзистенциализм, герменевтика, деконструкциялау ағымдарына терең ықпал етті. Кітап Хайдеггердің досы және жетекшісі Эдмунд Гуссерльге бағышталды.

«Болмыс және уақыт» - тың алғашқы жобасы бойынша кітапта екі бөлім жоспарланған, әр бөлім үш тарауды қамтиды. Бірақ Хайдеггер тек 1 бөлімнің алғашқы екі тарауын жазып, профессорлық атақ алу үшін тезден жариялауға мәжбүр болады. Алғашқы жобасындағы басқа бөлімі мен тарауларыы (уақыт пен болмыс, Кант пен Аристотельге қатысты мазмұндар) ешқашан жарияланған жоқ. Тек ол мазмұндар оның басқа кітаптары мен мақалалары ішінде қамтылды.

Кітап мазмұны әуелгі жетектеуіш идеяны негізінен сақтады. Кітапта екі тарауға бөлінген маңызды Алғысөз бар: "Осыболмысқа негіздік талдау жасауға әзірлену" және "Болмыс және уақыттылық". “Осыболмыс” Хайдеггер бойынша адамды және адамның өмір сүру, бар болу үлгісін көрсететін арнайы философиялық категория есептеледі. 

Өзінің «Болмыс және уақыт» деп аталатын еңбегінде М. Хайдеггер адамның өмір сүруін “Dasein” (қазақша аудармасы “осы арадағы болмыс”) деген ұғыммен береді. Экзистенция, Хайдеггер пікірінше, адам өзін- өзі жатқызатын болмыс, адам болмының нақтылықпен толтыруы.

Адам болмысы қоршаған дүниеде іске асады. Өз кезегінде “дүниедегі болмыс”:

  1. “ Басқалармен болмыс”

  2. “Өз-өзіндік болмыстан ” құралады.

Қорытынды

Хайдггер өзінің еңбектері туралы философия ғылымына үлкен еңбегін сіңдірді. Осы уақытқа дейін болмыс туралы қате ойлап жүрген философтардың, ойын өзгертетіндей, өзінің болмыс туралы түсінігін жазу арқылы барша философтарды, елең еткізді және ойландырды. Болмыс адам өмірі- оның иелігіндегі және оның өміріне мән беретін нәрселерде. Болмыс пен уақыт аралығындағы мәнді мағынаны толығымен қамтуға мүмкіндік берді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Мартин_Хайдеггер

  2. Краткий очерк истории философии Под ред. М. Т. Иовчука, Т. И. Ойзермана, И. Я. Щипанова. М., изд-во «Мысль», 1971 г.

  3. https://ru.wikipedia.org/wiki/

  4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Болмыс_және_уақыт


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет