Орындаған: Жарылқасын Жансая Тобы: ппм-111 Қабылдаған


Теориялық зерттеу әдістері



бет2/2
Дата01.12.2022
өлшемі42,18 Kb.
#54230
1   2
Байланысты:
Б. Б. Педагогика Жарылқасын Жансая ППМ-111

3.Теориялық зерттеу әдістері
Тарихи педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан ерекшелігі – бұл педагогикалық құбылыс зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпаратты жинақтап, заңдылықты байланыстар мен нәтижелерін анықтау.
Әдістер көп түрлі де, сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыратылады. 1) педагогикалық тәжірбиені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері; 3) математикалық әдістер;
3. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірбиені зерттеудің жолдары. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық процесс қиыншылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемаларды шешуде қолайлы рөл атқарады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптері мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән-жайына енеміз.
Тарихи педагогикалық зерттеу өдісікөптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді;

  • Жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;

  • Жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;

  • Тарихи педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;

  • Педагогикалық мерзімді басылымдар;

  • Мектеп, мұғалім, тәрбие жөніндегі көркем шығармалар;

  • Педагогикалық анықтама құралдары;

  • Педагогикалық және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар;

Әдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелген, қандай проблемалардың дау-дамайлы және қатысты мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.


Қорытынды
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай жатқан елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың ретінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекеті. Егер осы теориялық және тарихи зерттеу педагогикалық әдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса, педагогтың өз тәжірбиесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп талданады, соның нәтижесінде оқу-тәрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).
2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. — № 2
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
4. Методология педагогических исследований ( Под ред.Г.А.Пискунова,Г.В.Воробьева). – М.,1980.
5. Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет