Орындаған: Жолдасбаева Лаура Тобы: крок-227 практикалық жұмыс


Көркем шығарманы талдау үлгісі



бет3/7
Дата03.02.2023
өлшемі26,45 Kb.
#64961
1   2   3   4   5   6   7
Көркем шығарманы талдау үлгісі.




Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар

  1. «Мазмұн мен пішін» тақырыбына З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығынан конспект



  1. Композициялық құрылымның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жазбаша схема түрінде сызып беріңіздер.



Сюжеттің басталуы

Оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.

Сюжеттік байланыс

Адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Сюжеттік даму

Шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам мінезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы беріледі.

Шарықтау шегі

Шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.

Шешім

Шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.



  1. Махамбеттің «Мен тауда ойнаған қарт марал» өлеңі мен Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңін салыстырып оқып, адамды адамды бейнелеу-суреттеу ерекшелігі тұрғысынан талдап, қандай көркемдік әдіспен жазылғанын анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет