Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э. Мейман (1917) қарастырды. Еріктік әрекеттің басты белгісі оның ойынша, әрекетті орындау туралы шешім қабылдап, әрекеттің орындалуына әкелетін толық психикалық акт, мақсат туралы елестің пайда болуы, сол мақсатқа байланысты келісімнің берілуі.
Ресейлік психологтер де ерікті мотивациямен байланыстырады. Соның бірі И.М.Сеченев. Біріншіден, ғалым еріктің адамгершілік компонентін бөліп көрсетті, еріктік актіде мотивтің адамгершілік компоненттерінің қатысы бар. Екіншіден, ерік күшінің пайда болуы үшін себеп, мотив керек.
Г.И. Челпанов (1926) еріктік актіде үш элементті бөліп көрсетті: тілек, ұмтылыс және тырысу немесе күш салу. Ол еріктік әрекетті мотивтер күресімен байланыстырды.
Еріктің қызметі
Еріктің келесі функцияларын жіктейді:
- Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;
- Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;
- Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;
- Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.