Орындаған: Каманова Аружан бх-11 Қабылдаған: Дүйсенбиев М. Ж



бет1/4
Дата11.10.2024
өлшемі2,45 Mb.
#147664
  1   2   3   4
Байланысты:
Катализ. Қайтымды реакциялар. Тепе-теңдік константасы.


Орындаған: Каманова Аружан БХ-11
Қабылдаған: Дүйсенбиев М. Ж.
Астана 2024
Катализ. Қайтымды реакциялар. Тепе-теңдік константасы
Катализ Катализ құбылысын 1836 ж. Берцеллиус ашқан. Катализ физикалық химияның негізгі бөлімдерінің бірі және әртүрлі заттар мен материалдарды өндіру технологиясында үлкен рөл атқарады. Катализ дегеніміз- реакция жылдамдығын өзгертетін, реакцияға түсетін бастапқы затпен әрекеттесіп аралық қосылыс түзетін, бірақ реакция соңында таза күйінде бөлініп шығатын заттың әсерін зерттейтін химиялық процесс. Мұндай заттарды катализатор деп атайды. Катализатор қатысында реакцияның жылдамдығы артса оң катализ, ал кемісе теріс катализ дейді. Химиялық процестерде катализ ең көп тараған құбылыс.
Йёнс Якоб Берцелиус
(1779-1848)
Катализатордың жалпы қасиеттері:
1. Катализатор термодинамикалық мүмкін болатын (демек, ΔG<0) реакцияның
жылдамдығын өзгертеді.
2. Катализатор реакцияның жылдамдық константасына әсер еткенмен, тепе
теңдік константысына әсер етпейді, өйткені катализатор қатысында да,
катализаторсыз да реакцияның стандартты Гиббс Энергиясы (ΔG0 станд)
өзгермейді, ол тең: ΔG0 = −RT lnKp , ал тепе-теңдік константасы (КР) тұрақты
Т температурада тұрақты, тура және кері реакцияның жылдамдық
константаларының қатынасына тең болатындықтан екі бағытқа да бірдей әсер етеді.
3. Катализатордың концентрациясы реакцияға түсетін бастапқы заттарға
қарағанда аз болады. Мысалы, Na2SO3→Na2SO4 процесінде катализатор рөлін
атқаратын мыс ионының концентрациясы: Cu2+=10-8 моль/л.
4. Катализатордың реакция соңында тек физикалық күйі өзгергенімен
химиялық табиғаты өзгермейді.
5. Гомогенді катализде де, гетерогенді катализде де катализатордың
жылдамдыққа әсері оның бастапқы заттармен аралық активті комплекс
түзуімен түсіндіреледі
Катализдік улар - катализатордың белсенділігін төмендетеді. Олар: H2O, CO, CO2, H2S, N, P, As
Катализ гомогенді және гетерогенді болып тағы да екіге бөлінеді, схемалық түрде төмендегідей көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет