Мөлшері. Неліктен жұмыртқа жасушасының саны сперматозоидтермен салыстырғанда аз? Жатырішілік даму кезінде бала саны аналық ағзаның ресурсымен шектелетіні түсінікті. Сүтқоректілердің көпұрықты түрлерінде де бала саны сирек жағдайда ондаған болуы мүмкін, бірақ ешқашан жүздеген және мыңдаған болмайды. Мысалы, айбалық миллиондаған уылдырық шашуы мүмкін. Түрлі паразиттік құрттар тәулігіне 100 мыңнан 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Өлшемі. Жұмыртқа жасушасының өлшемі сперматозоид өлшемінен бірнеше есе үлкен. Оның екі себебі бар. Біріншіден, жұмыртқа жасушасында ұрық үшін қоректік заттардың қажет мөлшері болуы тиіс. Ұрықжолдастыларда плацентасы қалыптасқанша ұрық жасушасы жұмыртқа жасушасының қоректік заттарымен (негізінен) қоректенеді. Екіншіден, жұмыртқа жасушасы сперматозоид ядросын қабылдауы, цитоплазма мөлшерінің ұлғаюынан мембрана тұтастығы бұзылмауы үшін жеткілікті үлкен болуы тиіс (жай сөзбен айтқанда жарылып кетпеуі үшін).
Қозғалғыштығыжасуша өлшемімен, яғни цитоплазма мөлшерімен анықталады. Сперматозоидтер кішкентай болады, сәйкесінше олардың қозғалуына жұмыртқа жасушасының қозғалуына қарағанда аз энергия жұмсалады. Басқа да себептері бар: жасуша мөлшері, ұрықтану жүретін орын және т.б.
Уақыты. Тіршіліктің әртүрлі мерзімінде гаметалардың ізашар-жасушаларының көбею уақыты – бұл көптеген приматтарда, адамда да сақталатын эволюция нәтижесі.
Сперматогенез кезінде алғашқы бір жасушадан 4 сперматозоид пайда
болса,Овогенез кезінде алғашқы бір жасушадан бір жұмыртқа жасушасы және хромосомалық материалдың артық мөлшері кететін үш
редукциялы денешіктер пайда болады.
Сперматогенез кезінде өсу зонасы қысқа болса,ал овогенез кезінде-ұзақ болады.
(болашақ ұрыққа қоректік қор заттары жинақталады)
Сперматогенез кезінде қалыптасу зонасы жақсы айқындалған
овогенезде айқындалмаған болады.