Жұмыссыздық бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердің басты мәселесі болып табылады. Жұмыссыздық - жұмыс күшінің бір бөлігі тауарлар мен қызметтерді өндіруде жұмыс істемейтін әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық - әрбір адамға ең тікелей және күшті әсер ететін макроэкономикалық мәселе (Г.Н.Aғабекова, Қ.Y.Уалиханова 2016)
Аймақтық жұмысбастылық пен жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу мәселесін көтерудің маңызы болып табылатын бірнеше объективті себептерді бөліп көрсетуге болады. Бүгінгі күні орын алып отырған бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы: көптеген азаматтар үшін жұмысынан айырылу немесе табыс көзінің басым бөлігінен айырылып қалуына себеп болуда. Еліміздің инновациялық даму жолын таңдауы, бұл жол мемлекетпен қатар халықтың мүмкіндіктерін де бағалай алуы тиіс, себебі қарқынды инновациялық даму экономиканы әртараптандыру мен еңбек нарығының толықтай өзгерісіне, жұмысбастылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Азаматтардың заманауи ағым жүйесіне ілесе алу мүмкіндігі де осы өзгерістерге сай болуы тиіс. Аймақтық еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шеше отырып халықты жұмыспен қамту мемлекет саясатының негізгі қызметтерінің бірі. Мақалада Қызылорда облысының еңбек нарығының даму деңгейі мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көрінісін бейнелейді. Заманауи еңбек нарығында жылдам өзгерістер мемлекет саясатының икемділігін талап етеді. Экономикалық және әлеуметтік жүйені, халықтық жұмысбастылығын мемлекеттік реттеу ғана жалпы қоғамның стратегиялық реформаларына жетуге мүмкіндік береді. Аймақтық еңбек нарығын зерттеуде негізгі объекті ретінде алынған Қызылорда қаласының еңбек нарығында жұмыс күшінің сұраныс пен ұсынысының кәсіби-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі, кәсіби оқу оқыту жүйесінің еңбек нарығының талаптарына жеткіліксіз бейімделуі, ауылдық жерлерден жастардың қалаға миграциялық ағынының тоқтамауы мәселелері анықталады. (Л.П Молдашбаева, С.С Тлеубердиева, Л.В Олейниу, А.М Атенова, 2020)
Қазақстан Республикасының 2005-2021 жылдар аралығындағы халықтың жұмыссыздық деңгейі қарастырылған.
Кестеде Қазақстан халқының 2021-2005 жылдар аралығындағы халықтың жұмыссыздық деңгейі қарастырылған. 2005 жылы 263,5 пайызды құрады. 2010 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді. 2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеп, 2021 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеу себебі жыл сайын әр түрлі жұмыс орындары адамдардың жұмысқа жарамдылығына қарай жұмыстағы бос орындарды ұсынып отырды. Оның ішінде жұмысқа жарамды адамдар тұрақты жұмысқа орналастырылып отырылды. Қалғандары қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына, жас мамандар жастар практикасына жөнелтіліп отырылды.