2. Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі рөлі. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты — Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиеледі.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным — тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным — адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көз-қарас — ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Ақыл-ой тәрбиесі — оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, қүрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз мін-детіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а)оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә)оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б)озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
эстетикалың құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділіңке, батылдыңқа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні — баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметтік жағдай маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдың мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Қорытынды
Тәрбие жұмысының мазмұны мен мәні, жүргізу әдіс-тәсілдерін (оны бүгінде тәрбиенің технологиясы деп жүр. — С.Қ.) жан-жақты теориялық және практикалық тұрғыда қарастырған Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының Тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшелік психологиясы лабораториясының қызметкерлері жасаған “Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” атты ғылыми көмекші құралды баспа арқылы шығардық. Онда тұлғаның сапалық қасиеттерін кешеңді түрде қалыптастыру және оған педагогикалық ықпал етудің жолдары сөз болған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: З.Б. Мадалиева, Б.А. Әмренова. Арнайы педагогика және психология негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 186 б.
З. Қ.С. Тебенова., А.Р. Рымханова. Арнайы психология негіздері: оқу құралы. – Қарағанды: ЖК «Ақнұр баспасы», 2014. – 264 б.
3.А. Б. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқулық. - Алматы: «Қазақ университеті», 2011- 165 б.
Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999 ж.
Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016.