Орындаған: Мұхан Ұлсана Қабылдаған: Мантаева Т. С тобы



бет3/3
Дата04.05.2023
өлшемі18,73 Kb.
#89954
1   2   3
Байланысты:
Мұхан Ұлсана 1701-12 ЭССЕ

Әлихан Бөкейханов - қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». (Үш анық. — Әлем, 39-бет). Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы туындысы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет