ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы туралы сөз еткенде Елдес Омарұлының есімін ерекше атауға тиіспіз. Ол ұлттық ғылым тілінің дамуына, қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей атсалысқан, бұл салаға қатысты құнды ғылыми еңбектер жазған алаш зиялыларының бірі. Ол алғашқы күндерінен бастап Алашорда жұмысының бел ортасында жүріп, белсене қызмет еткен жетекшілер қатарында болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында «Жалпы қазақ-қырғыз съезін» өткізгенде оны ұйымдастырып, шақырғандар қатарында Елдес Омарұлы да болды. Съез қаулысында «Сиез шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Сағындық Досжанұлы, Міржақып Дулатов»[1]. Осы съезде Алашорда басшысы болып, Әлихан Бөкейханұлы, ал оқу комиссиясына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, Е.Омарұлы, Б.Сәрсенұлы, Т. Шонанұлы сайланды.

Алаш зиялыларының білім беру мен ғылым саласындағы жұмысын ұйымдастыруда бұл комиссия үлкен рөл атқарды. Комиссия хатшысы ретінде Е.Омарұлы комиссия төрағасы Ахаңмен тығыз байланыста жұмыс жүргізе отырып, білім саласының, тілдің көптеген мәселелерін бірлесіп, пікірлесіп, талқылай келіп шешті. Ғалымдардың бізге жеткен еңбектері олардың әліпби, терминология, емле төңірегіндегі көзқарастары бір арнаға тоғысып, ойлары бір жерден шығып, пікірлері үнемі үндесіп отырғандығын көрсетеді. Ахаңмен қатар еңбек еткен алаш оқығандарының арасында тіл білімінің аса көрнекті маманы, оның ішінде терминология мәселелерін ең терең білетіндердің бірі де Елдес Омарұлы болған еді. Тек терминология ғана емес, жалпы қазақ тіл білімінің көптеген мәселелерін арнайы зерттеген, бірқатар құнды ғылыми еңбектер жазып, мектептер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінен дәріс оқыған, сабақ берген Елдес Омарұлы қазақтан шыққан алғашқы кәсіби лингвист ғалымдардың, білікті педагогтің бірі.