Орындаған: Мұратбек Нұрай Қабылдаған: Азимбаева Д



Дата31.01.2023
өлшемі7,43 Mb.
#64150

Орындаған:Мұратбек Нұрай
Қабылдаған:Азимбаева Д.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТА
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Педагогика және психология факультеті
    • Заттық-кеңістіктік дамытушы орта дегеніміз не?
    • Заттық-кеңістіктік орта құрғанда қандай ережелерді ескеру керек?
    • Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар
    • Жас ерекшеліктері бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортада болуға тиісті материалдар:
    • Күтілетін нәтиже
    • Бұрыштарға шолу
    • Қорытынды

Жоспар:
ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,
өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құруда міндетті түрде әр жастағы балалардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ,қызығушылығын ескеруіміз қажет,
«Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде, өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет...», — деп В.А.Сухомлинский айтқандай, мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып,жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек.
©️В.А.Сухомлинский
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:
��ТОПТЫҢ ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАСЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН, ОҚУ КЕЗЕҢІ МЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУЫСУЫ ТИІС.
��ӘРБІР ТОПТА БАЛАЛАРДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОРЫНДЫ ҚАРАСТЫРУЫ ҚАЖЕТ;
��ОРТА БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА АРНАЛУЫ ТИІС;
��ЗАТТАРДЫҢ ФОРМАСЫ МЕН ДИЗАЙНЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЖӘНЕ ЖАСЫНА БАҒДАРЛАНУЫ ТИІС;
��ОРТА ТАРТЫМДЫ, АҚПАРАТҚА БАЙ, ҚЫЗМЕТІ АЛУАН ТҮРЛІ БОЛУЫ ТИІС;
��ДЕКОР ЭЛЕМЕНТТЕРІ ОҢАЙ АУЫСУЫ ТИІС;
��ТҮС ПАЛИТРАСЫ ЖЫЛЫ, ПАСТЕЛЬДІ ТҮСТЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС;
ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
қауіпсіз;
— қолжетімді;
— әртүрлі;
— мазмұнды;
— көп атқарымды;
— өзгермелі;
— тартымды.
Жас ерекшеліктері бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортада болуға тиісті материалдар
    • танымдық ойыншықтар
    • қарапайым пазлдар
    • қозғалмалы ойыншықтар
    • қимылдық ойындарға қажетті құралдар
    • қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар болуы керек

Ерте жас және кіші топта
Ересек және мектепалды даярлық топтарында
Ортаңғы топта
    • дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар
    • сурет салуға арналған құралдар мен қол еңбегіне арналған құралдар
    • театрландырылған ойынға арналған жинақтар
    • қуыршақтар
    • түрлі машиналар
    • танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар
    • шағын модельдер
    • сауат ашу
    • математикалық ұғымдарды игеруге арналған материалдар,
    • баспа әріптері, сөздер,
    • үлкен шрифті кітаптар,
    • боямақтар,
    • сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары,
    • балалар энциклопедиялары,
    • ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі,
    • балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар .
    • Бала жоспарлаған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады
    • Тұлға ретінде дамиды, қабілеттері ерте байқалады
    • Ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеялары жүзеге асады
    • Бағытталған даму механизмі құралады
    • әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйретеді
    • сенсорлық дағдылары қалыптасады
    • ересектермен, қатарластарымен өзара эмоционалдық практикалық тәжірибеге ие болады

Күтілетін нәтиже
Денсаулық бұрышы
Қазақтың ұлттық бұрышы
Шығармашылық бұрышы
Сөйлеуді дамыту бұрышы
Табиғат бұрышы
Қорытынды
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта ерте жастағы балалардың дамуының маңызды факторы болып табылады. Баланың толықтай дамуы үшін балалар жарқын, көркем өмірді қабылдай алатындай жағдайлар туғызу қажет.
Назарларыңызға рахмет!
пайдаланылған әдебиеттер:
Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2015. – 15 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет