-митральді қақпақшаның стенозы - сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы, нәтижесінде сол жақ жүрекшенің босаңсуы қиындайды, сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекшенің арасындағы диастоликалық қысым
-митральді қақпақшаның стенозы - сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы, нәтижесінде сол жақ жүрекшенің босаңсуы қиындайды, сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекшенің арасындағы диастоликалық қысым градиенті үлкейеді.
-митральді қақпақшаның стенозы - сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы, нәтижесінде сол жақ жүрекшенің босаңсуы қиындайды, сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекшенің арасындағы диастоликалық қысым градиенті үлкейеді.
1 сурет . митральді стеноз. Сызбанұсқа. Диастола кезігдегі сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға аққан туобулентті қан ағымы. Сол жүрекше және оң қарыншаның гипертрофиясы.
Тікелей атриовентрикулярлы саңылаудың тарылу дәрежесіне байланысты. Келесідей өзгерістер қарастырылады:
Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы, дилятациясы-
Қалыпты жағдайд жүрекше –қарыншалық саңылау 4-6 см2, оның 4 см2 қа және одан төмен мөлшерге дейін тарылуы салдарынан СҚ –дан СЖ ге аққан диастолалық қан ағысына кедергі туындайды (кейде “алғашқы барьер” д.а), бұл тосқауыл тек СЖдегі үлкен қысым арқылы жойылады. Мәселен, егер саңылау ауданы 1-1,5 см2 қа дейін кішірейсе, СЖ дегі қысым 25-30 мм с.б.б өсуі тиіс (қ.ж 5-7 мм с.б.б). СҚ қысымның өсуіне байланысты гипертрофия және дилятация болады.
Өкпе гипертензиясы
Өкпе гипертензиясы
Кіші қанайналым жүйесінде қан іркілісі, өкпе артериясында қан қысымының жоғарылауы. Өкпе гипертензиясының 2 түрі бар:
Веноздық (пассивті) гипертензия- СЖ қысымның жоғарылауы (20-25 ммсбб дейін) кіші қан айналым шеңберіндегі венозды қан ағуды қиындатады. Нәтижесінде венозды тамырлар қанмен байытылады- өкпеде қан іркілісі пайда болды. Өкпе веналарындағы жоғарпға қан қысымы гидравликалық түрде капиллярлар арқылы өкпе артериясына беріледі, нәтижесінде венозды немес пасссивті гипертензия дамиды.
Артериялық (“активті”) гипертензия- жүрекше-қарыншалық саңылаудың айқын дәрежедегі тарылуының салдарынын СЖ қысым 35 мм сбб артық көтерілсе, өкпе капиллярларының жыртылуына немесе альвеолярлы өкпе ісінуіне алып келеді, осы асқынулары болдырмас үшін рефлекторлы түрде өкпе артериоллаларының спазмы болады ( Китаев рефлексі), нәтижесінде ОҚ-дан өкпе капиллярларына келетін қан мөлшері азаяды,сонымен қатар бір уақытта өкпе артериялаларында қысым дереу көөтеріледі, яғни артериялық немесе активті гипертензия дамиды.
Ұзақ уақыт сақталған өкпе гипертензиясы бара бара өкпе артериола қабырғасында пролиферативті үрдісті шақырады, нәтижесінде кіші қанайналым шеңберіндегі қан тамырлары облитерацияға ұшырайды. Осындай өзгерістер ақауға хирургиялық түзетулер жүргізген жағдайдың өзінде тұрақты өкпе гипертенхзиясын шақырады. Дәл осы өзгерістерді “екіншлік тоскауыл ” д.а.