Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі.
Аннотацияның негізгі функциялары:
ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;
оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді;
ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде қолданылады.
Аннотацияны жазу жолы
Жазылу тілі ғылыми әрі барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да ескерген жөн.
Аннотацияның сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге дейін символ беріледі.
Ғылыми мәтіннің аннотациясында жұмыста пайдаланылған дереккөздер туралы, мәтінмен жұмыс істеу процесін сипаттау немесе жеке бөлімшелердің мазмұнын баяндау қажет емес. Аннотация – ғылыми мәтін туралы жалпы әсер қалдыруға мүмкіндік беретін сипаттама. Тиісінше, аннотация объективті болуы керек және тек фактілерді қамтуы керек.
Ғылыми мәтіннің аннотациясында жұмыста пайдаланылған дереккөздер туралы, мәтінмен жұмыс істеу процесін сипаттау немесе жеке бөлімшелердің мазмұнын баяндау қажет емес. Аннотация – ғылыми мәтін туралы жалпы әсер қалдыруға мүмкіндік беретін сипаттама. Тиісінше, аннотация объективті болуы керек және тек фактілерді қамтуы керек.
Аннотацияда ең кеңінен тараған фразалар мен сөз тіркестері: «Бұл мақалада … мәселесі қарастырылған.»
«Бұл жарияланымда … тақырыбы қозғалған.»
«Мақала … зерттеуге арналған.»
«Мақалада … жан-жақты талдауы жасалынған.»
Аннотацияның құрылымы
Өзектілігі. Ғалымға берілген мақаланы оқудың қажеті неде?
Мәселенамасы. Зерттеу жүргізу арқылы Сіз қандай мәселені шештіңіз?
Шешімі. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолданып, теориялық сұрақтарды көтердіңіз?
Нәтижесі. Зерттеудің нәтижесін сипаттаңыз.
Қорытынды. Сіздің зерттеп отырған тақырыбыңызды жұмысыңыз қалайша кеңейтті? Қандай жаңалық аштыңыз?
Аннотацияда ғылыми мәтіннің негізгі ойларын (бөлімдерін) анықтап, біріктіріп, қысқаша түрде көрсету қажет. - Ғылыми мәтін .... (зерттеу тақырыбы немесе негізгі зерттеу мәселесіне) арналған.
- Осындай деректерді талдау негізінде, автор ... көрсетеді (нақты айтатын болсақ, автордың ойлары мен зерттеуі арқасында қандай нәтижеге жетті).
- Автор ... деп санайды (ғылыми мәтінде келтірілген соңғы қорытындылар немесе ұсыныстар туралы).
Аннотация жазуда келесі мәселелерге назар аударған жөн:
Сөз шегі. Аннотация жазуда сөздің белгіленген шегін сақтауыңыз керек.
Негізгі ойдың түсініктілігі. Аннотация белгілі бір білім саласындағы кең ауқымды мамандар үшін қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Барлығы білетін, жалпы терминдерді қолдану ұсынылады.
Нақты деректердің болмауы. Аннотацияда артық мәліметтер мен нақты сандардан аулақ болу керек.
Түйінді сөздер. Авторлардан жұмыстың түйінді сөздерін көрсету сұралады. Бұл іздеу жүйелері мен мақалаларды тақырып бойынша санаттарға бөлу үшін жасалады. Автор іздеу жүйелері арқылы мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін қажетті түйінді сөздердің санын көрсетуі керек.
Есте сақтау керек бірінші нәрсе: аннотация - бұл қайталама емес, баспа жұмысының қысқаша сипаттамасы. Аннотацияның басты мақсаты - әлеуетті оқырманға ғылыми мәтіннің мазмұны туралы түсінік беру. Аннотацияда осы жұмыста не жазылғаны және оның оқырманды қалай қызықтыруы мүмкін екендігі нақты түсіндірілуі керек.
Аннотацияны төрт әмбебап сұрақ негізінде дайындаған дұрыс: «Кім?», «Не?», «Не туралы?», «Кім үшін?». Яғни, аннотацияда авторы кім, оның кәсіби біліктілігінің деңгейі қандай, мәтін не туралы, оның ішкі мазмұны қандай, кімге қызықты немесе пайдалы болуы екендігі туралы түсіндіруіңіз керек. Ғылыми мәтіннің аннотациясында осы жұмыста көрсетілген негізгі ойды сипаттағаныңыз жөн.
Аннотацияда жұмыстың жаңашылдығы неде, ол басқалардан қалай ерекшеленеді, неге онымен танысуға тұрарлық екенін атап өту маңызды.
Аннотация жазу барысында жазу мәнеріне мұқият назар аударыңыз. Ұзақ әрі күрделі сөйлемдерді қолданбауға тырысыңыз. Сіздің ойларыңыз мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа жазылғаны абзал, өйткені бұл оқығанды тез түсінуге мүмкіндік береді.
Аннотация жазу барысында жазу мәнеріне мұқият назар аударыңыз. Ұзақ әрі күрделі сөйлемдерді қолданбауға тырысыңыз. Сіздің ойларыңыз мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа жазылғаны абзал, өйткені бұл оқығанды тез түсінуге мүмкіндік береді.
Ғылыми мәтіндер ешқашан бірінші жақта жазылмайтындығын ескеріңіз, сондықтан аннотацияда «осы мақалада мен ...» сияқты тіркестер болмауы керек.