“Астана Медицина Университеті”АҚ Презентация Тақырыбы:Жұтқыншақтың жасына байланысты құрылымы мен топографиялық ерекшеліктері және оның ЛОР ағзаларының паталогиясына маңызы
Орындаған:Нығматулла А.Н
Топ 429 ЖМ
Тексерген:Ерсаханова Б.К
Астана 2015 ж
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Жұтқыншақ анатомиясы 2. Қанмен қамтамасыз етілуі 3.Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Жұтқыншақ анатомиясы
Жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше.Адамда жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, VI мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 – 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады.
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі,pars nasalis., ол бас сүйектің негізінен жұмсақ таңдайға дейінгі аралықта орналасқан.
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі,pars nasalis., ол бас сүйектің негізінен жұмсақ таңдайға дейінгі аралықта орналасқан.
Қабырғалары:
-Жоғарғы:сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінің төменгі бөлігі
-артқы:I-II мойын омыртқасы мен жұтқыншақ бадамшасы
-алдыңғы қабырғасы жоқ,хоан тесігі арқылы мұрын қуысымен шектеседі.-Бүйір:түтік буылтығы,torus tubarius және есту түтігінің сыртқы тесігі, ostium pharyngeum tubae auditivae ,сыртқы есту түтігі мен таңдай пердесінің аралығында түтік бадамшасында айқын байқалады.
-төменгі қабырғасы жоқ,жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасады.
Қабырғалары:
-Алдыңғы қабырғасы жоқ,аран арқылы меншікті ауыз қуысымен байланысады.
-Артқы :1-2 мойын омырқаларымен;
-Жоғарғы,төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұтқыншақтың мұрындық және көмейлік бөліктеріне жалғасады.
Қабырғалары:
-Алдыңғы:көмеймен шектеседі,мұнда жұтқыншақтың алмұрттәрізді орналасқан қалтасы,recessur piriformis айқын байқалады;
-Жоғарғы және төменгі қабырғалары жоқ,ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне,төменде 6 мойын омыртқасының тұсында өңешке жалғасады.
Жұтқыншақтың ауыздық бөлігі ол жұмсақ таңдай мен көмей бөбешігінің,epiglottis аралығында орналасқан.
Жұтқыншақтың көмейлік бөлігі,pars laryngea ол көмей қақпағының тұсыннан басталып,6-мойын омыртқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады.