жұтқыншақ арты кеңістік іріңдігіне әкеледі. қоршап жатады және іші болбыр клетчаткаларға толы болады.
Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді. Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2,1 – 2,5см, алдыңғы-артқы 1,8см. Есту түтігінің кең саңылау тәрізді жұтқыншақтық бөлігі – қатты таңдай деңгейінде ашылады. Бұл бөлік 2-4 жас аралығында жоғары және артқа орналасады, ал 12-14 жас аралығында домалақ түрге ауысады. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі жаңа туған нәрестелерде III және IV мойын омыртқаларының арасындағы диск бойында орналасады. Бала 11-12 жасқа келгенде V-VI мойын омыртқаларының арасында, ал жас өспірім шақта VI- VII мойын омыртқаларының арасында орналасады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жаңа туған нәрестелерде қысқа болады. Оның мөлшері бала 2 жасқа келгенде екі есе үлкейеді және тығыздалады.
Жұтқыншақ физиологиясы Жұтқыншақтың сөйлеу қызметі көмейде пайда болған (басталған) дыбыстарды жаңғыртудан тұрады. Дауыс тембірінің (құбылысының) қалыптасуы көмей, жұтқыншақ, мұрын, оның қосалқы қойнауларында және ауыз қуыстарында пайда болады. Жұтқыншақ қуысы өзінің көлемін және формасын өзгерте алады, ал жұмсақ таңдайдың үлкен қозғалмалы болуы – дыбыс тербелістерінің қозғалыс бағытын өзгертуі мүмкін, дәл сол жағдайлар дауыс бояу өзгерістеріне және оның үндерінің ұлғаюына мүмкіндік туғызады. Көмейде дыбыс белгілі биіктікте және жоғарылықта жасалып шығады, ал дауысты және дауыссыз дыбыстардың құрылуы негізінен ауыз және аз шамада жұтқыншақ қуыстарында пайда болады. Дауысты дыбыстарды шығару кезінде жұмсақ таңдай мұрынжұтқыншақты ауыз қуысынан қалқалайды, дауыссыз дыбыстар жұмсақ таңдай бос түскен мезгілінде шығарылады. Жұтқыншақтың тыныс алу қызметіне оның барлық бөліктері қатысады, бірақ мұрынның өткізгіштік қабілеті бұзылған жағдайда тыныс алу ауыз арқылы орындалады, сол сияқты сөйлесу және ән салу кезінде т.б. ауа мұрынжұтқыншақ арқылы өтпейді, ал бірден жартылай жұтқыншақтың ортаңғы бөлігіне барады. Жұтқыншақтың қорғаныштық (қарсылық) қызметі мынадан белгілі, оған бөгде дене немесе жағымсыз тітіркендіргіш заттектер (химиялық және термиялық) абайсыз түсіп кеткенде жұтқыншақ мускулатурасының рефлексті жиырылуы (қысқаруы) пайда болады және оның саңылауы тарылады, бұның өзі тітіркендіргіш заттектердің көбірек терең еніп кетуін тоқтатады. Мұрын қуысынан соң ауаның жұтқыншақта жылынуы және шаң-тозаңнан тазалануы жалғасады, бұлар жұтқыншақтың қабырғасын жабатын сілемейде (жалқықта) жабысып қалады және бұлармен бірге қақырынып тасталынады және сілемей (слизь) түкірікпен бірге жұтылынып асқазанда соңғы зарарсыздандыруға ұшырайды. Сол сияқты қорғаныштық ролді сілемейлі қабықтың қан тамырларынан және лимфаденоилық тіндерден ауыз және жұтқыншақ қуыстарына кіретін лейкоциттер мен лимфоциттер атқарады.