Қанмен қамтамасыз етілуі: Артериясы. Жұтқыншақты жоғарылаған жұтқыншақ артериясы,a. pharynea ascendens,(сыртқы ұйқы артериясының тармағы),жұтқыншақтық тармақтар (қалқанша-мойын сабауының тармағы) және бет артериясының тармағы жоғарылаған таңдай артериясынан қанмен қамтамасыз етіледі. Венасы.Жұтқыншақтан веналық қан жұтқыншақ өрімі plexus pharyngeus,кейін жұтқыншақ веналары,vv. Рharyngei арқылы ішкі мойындырық венасына, v jugularis internaға ағады. Лимфа тамырлары жұтқыншақ артындағы және латеральді терең лимфа түйіндеріне ашылады. Нервтенуі: IХ жұп тіл- жұтқыншақ нервінің,Х жұп кезбе нервтің тармақтарымен жәнеде көмей- жұтқыншақ тармақтарымен нервтенеді.
Қорытынды Сонымен,жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше.Адамда жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, VI мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады.
Пайдаланған әдебиеттер 1.Б.К.Төлебаев,Б.К.Ерсаханова,Б.З.Жусупов «Оториноларингологиядан қысқаша оқу құралы» Астана 2013 ж 2.Оториноларингология. Национальное руководство + СД. – М., ГЭОТАР-Мед. 2007. – 960 с. 3. Ананьева, С. В. Болезни уха,горла,носа:Учеб пос. для вузов/С.В.Ананьева.-Ростов н/Д:Феникс,2003,2005.-416с. 4. Пальчун, В.Т. Практическая оториноларингология:Учеб. пос.для медвузов/В.Т.Пальчун,Л.А.Лучихин,М.М.Магомедов-М.:Мединформагенство,2006.-368с. 5. Козорез, Е.С. ЛОР-заболевания:Учеб.пос. длямедвузов/ Е. С. Козорез.- М. :ВЛАДОС-ПРЕСС,2005.-223с.
Кері байланыс Осы тақырыптар бойынша қысқаша тест сурақтары:1-Фарингиттің қай түрінде жұтқыншақ артында қызғылт гранулалар болады? 1.Гранулезді 2.атрофиялық 3.гипертрофиялық 4.жедел 2- Таңдай иніндеріне тарайтын бадамшалардағы сұргылт-лай түсті жабынды қай ауруда кездеседі? 1- жедел фарингитте 2- созылмалы фарингитте 3- фолликулярлы баспада 4- күлде 3- Мұрын-жұтқыншақ бадамша безін алып тастау операциясы қалай аталады? 1- тонзиллотомия 2- тонзиллоэктомия 3- аденотомия 4- конхотомия 4- Леффлер бацилласына мұрын мен жұтқыншақтан алынған жұғын қай ауруда тексерледі? 1-острый фарингитте 2-созылмалы фарингитте 3-баспада 4-күлде