Орындаған: Нұрданбек Е. С. Меңдібаев Р. Т. Тексерген: Исанбекова А. Т



бет3/3
Дата25.01.2023
өлшемі1,7 Mb.
#62827
1   2   3
Байланысты:
Ернұр Шу мен діріл

Шуыл мен дірілді өлшеу

Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына орнатылатын қосымша аспап – күшейткіші бар шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады. Шуыл мен дірілді өлшейтіндер – ВШВ – МММ2 аспаптары кеңінен таралды. Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды. Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады.
Машина және жабдықтың дірілімен күресу

Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды. Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т,б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді ЖҚҚ ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.
Қорытынды
Қорытындылай келсек, көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша шу, дірілдің тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді. Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған. Шудың әсері кезіндегі жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырылу жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы жатады. Осыған байланысты шу жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады. Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі шуларға өте сезімтал болып табылады. Емі: симптомды шаралар жүргізіледі. Алдын алу: жұмыс орындарындағы шулар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Гигиена труда. Оқулық. Н. Ф. Измеров, В. Ф. Кириллов М."ГЭОТАР", 2008 ж. 2) Алекссев С.В., Усенко В.Р., Гигиена труда. Оқулық. Медицина 1998. 3) Руководство по гигиене труда. Том I, II. Н. Ф. Измеров Москва – 1987ж. 4) Руководство по профессиональным болезням. Н. Ф. Измеров М. – Медицина 1996ж. 5) Российская энциклопедия по медицине труда. Н. Ф. Измеров М. Медицина 2001ж. 6) Измеров Н.Ф., Каснаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность М - "ГЭОТАР", 2002ж., 390 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет