Орындаған: Нұрланұлы Арман Топ: 2-007 тфп



Дата07.02.2023
өлшемі15,9 Kb.
#65771
Байланысты:
Нұрланұлы Арман ЭССЕ


ЭССЕ
Орындаған:Нұрланұлы Арман
Топ:2-007 ТФП
Тақырыбы:Дозалар туралы түсінік,олардың жіктелуі
Ең алдымен доза сөзінің төркінін түсініп алайық.Доза деген-бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері.Әрбір елдің фармакопеясында тиімділігі жоғары дәрілік заттар үшін ең жоғары бір реттік және ең жоғары тәуліктік дозалар көрсетілген. Дозаны граммен немесе грам үлесімен белгілейді. Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық дозаны табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары дозасын жылдам түзу қажет ететін болса,онда бірінші доза соңғылардан жоғары болады.Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы,оның айқындығы,ұзақтығы,кейде сипаты өзгереді.Әдетте дозаның жоғарылауымен латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.Кейде дозалар биологиялық белсенділікке негізделген халықаралық бірліктермен өлшенеді.Доза сөзінің бірнеше ұғымы бар.Мәселен,фармакотерапияда- жүктеме дозасы ұғымы,фармакокинетикада-эквивалентті дозасы қолданылады.
Дозалар қабылдау жиілігіне және мөлшерлеу үлгісіне сәйкес бірнеше топқа жіктеледі:
Бір реттік доза-дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасы.
Тәуліктік доза-дәрілік заттың бір тәулік ішінде қолданылатын дозасы.
Курстық доза-дәрілік заттың бір курстық емге арналған дозасы.
Соққы дозасы-бірінші дозаның келесілерден жоғары болуы,ағзада жоғарғы концентрациясын түзу үшін қажетті дозалар болып табылады.
Көрсететін әсерлердің түріне байланысты:
Емдік доза-бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармокологиялық тиімділігін шақырады.
Уытты доза-бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудырады.
Өлімге соқтыратын доза-бұл препарттың ең аз мөлшері өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қорытындылай келсем, дозалардың адам өміріне тікелей әсер етеді.Яғни,шешуші рөлді атқарады,өйткені дозаларды қабылдай отырып адам ауруын жеңе алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет