Орындаған: Нұрсалимова Д. Е қабылдаған: Қожахметова А. Г астана, 2023ж


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі18,14 Kb.
#139609
1   2
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері

Ішкі

Сыртқы

Жарғылық капитал

Банк несиелері

Қосымша (үстеме) капитал

Бюджет қаражаттары

Резервтік капитал

Бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары

Амортизациялық қор

Бөлінбеген пайда

Бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттар

Басқа да көздер

Басқа да көздер

Кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың ішкі көздеріне жарғылык капитал, қосымша капитал, амортизациялық қор, бөлінбеген пайда және өзге де көздер жатқызылады. Ал, қаржыландырудың сыртқы көздері банк несиелерінен, бюджет қаражаттарынан, бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарынан, бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттардан және басқа да көздерден қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың меншікті қаражаттарының бірі - жарғылық капитал. Ол құрылтайшылардың салымдарының (үлестерінің, акцияларының, жарналарының) жиынтығынан кұралады. Жарғылық капиталға жарна енгізу ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ мүлік түрінде де жүзеге асырылады. Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты болады. Мәселен, өндірістік кооперативтің жарғылық капиталы оның мүшелерінің мүліктік жарналары негізінде қалыптасады. Жарғылық капитал кәсіпорын пайдасы есебінен толықтырылуы мүмкін.
Қосымша капитал меншікті капиталдың бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі қорларды қайта бағалаудан пайда болған табыстан, эмиссиялық табыстан, яғни алғашқы эмиссиядағы акцияларды номиналдық құнынан артық баға бойынша сатудан түскен табыстан қалыптасады. Резервтік капитал кәсіпорын пайдасы есебінен күрылады. Ол кәсіпкерлік қызметтен болған зияндарды жабу, кәсіпорын табыс таппаган жағдайда құрылтайшыларға табыстар мен дивидендтер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Резервтік қордың мөлшері меншік иесі немесе құрылтайшылардың келісімімен белгіленеді және құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Амортизациялық қор амортизациялық аударымдар арқылы қалыптасады. Амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың тозу шамасына қарай өндірілетін өнімнің өзіндік құнына өткізілетін ақшалай қаражаттарды білдіреді. Амортизациялық қор мақсатты бағытталған кор болып табылады және ол негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Бөлінбеген пайда дивидендтер мен өзге де мақсаттағы қаражаттарды төлегеннен кейін қалатын кәсіпорынның таза пайдасының бір бөлігі. Ол көбінесе кәсіпорын активтеріне пайданы қайта инвестициялауды білдіреді. Мұндай пайда кәсіпорын балансында меншікті қаражат көзі ретінде көрініс табады және акционерлердің (құрылтайшылардың) келесі жиналысына дейін өзгеріссіз қалады. Акционерлер (құрылтайшылар) жиналысының шешімімен жыл қорытындысы бойынша бөлінетін болады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың ішкі көздерімен қатар сыртқы көздері де маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерлікті дамыту мен өндірісті кеңейту және тиімділігін арттыру қарыздық қаражаттарды тартуды қажет етеді. Қарыздық капитал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Яғни, бір жылға дейін - қысқа мерзімді, ал бір жылдан артық болса - ұзақ мерзімді қарыздық капиталға жатқызылады. Қаржыландыру нысаны мен түрін таңдау әрбір нақты жағдайға байланысты болады. Сыртқы көздер арқылы қаржыландыру несие алу не болмаса бағалы қағаздар шығару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бюджеттен бөлінетін қаражаттар мен бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебінен де қаржыландырылуы ықтимал.
Қорыта айтқанда, кәсiпкерлiк – тәуекелге бел байлай отырып, қажеттi, күрделi, мықты жобаны жүзеге асыру. Кәсiпкерлiк азаматтардың пайдалы қызметi. Сондықтан да кәсiпкер өз iсiнiң қожасы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Биханова А.С., Кайсанова Н.Б. Дональд Ф.Куратконың «кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» оқулығын пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау. Өскемен, 2018ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:- Алматы, 2016ж.
3. Баймұхашева М.Қ., Избасарова Л.Б., Нұрмұханбетова Л.Қ. Кәсіпкерлік. Оқу құралы. Атырау, 2016 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет