қимыл есімі деп атайды. Оған егіннің шығысы, Айбаланың жүрісі, киім киісі дегендегі шығысы, жүрісі, киісі сияқты сөздерді жатқызады. Бұлардың тәуелдік, септік, көптік категорияларымен түрленетіндігін айтады. Осы ортақ етіс тұлғалы қимыл есімінен зат есімге айналып қалыптасқан соғыс, айтыс, табыс, шығыс, кіріс тәрізді сөздердің тілімізде жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Ы.Маманов зерттеулерінде етіс, негізінен, объектілік, субъектілік және көпмағыналық қатынастармен сипатталады.
Етіс категориясына байланысты айтылған пікірлерді жинақтай келе, төмендегідей тұжырымдар шығарамыз:
1) етіс категориясын салт және сабақты етістіктермен бірлікте қарастырған жөн, алайда контекстен тыс, түбір қалпындағы етістіктерді салт және сабақты деп бөлу тілдік фактіге сай келмейді;
2) Ы.Маманов түбір сабақты етістік, ауыспалы сабақты етістік және өзгелік сабақты етістіктердің арасындағы мағыналық айырмашылықты анықтаған;
3) етіс тұлғаларының контекске байланысты көп мағыналылығын Ы.Маманов дәлелдеп көрсеткен;
4) Ы.Маманов ортақ етіс формасымен жасалған сөздерді “қимыл есімі” деп және оның зат есімге де ауысып қалыптасқан түрлерін көрсеткен;
5) етіс қосымшаларының табиғатын танып, алғаш модификациялық қосымшалар қатарына жатқызған – Ы.Маманов;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, Мектеп, 1966. – 156 б.
Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері. – Алматы, 1973. – 89 б.