Сабақты етістік. Табыс септіктегі тура толықтауышты меңгеретін етістікті сабақты етістік деп аталады. Ы.Маманов сабақты етістіктің екі түрлі жолмен көрінуін, яғни, тура (түбір етістіктер ішкі мағынасы арқылы табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгереді) және ауыспалы (салт етістік түбіріне өзгелік етіс жұрнақтары -т, -ыт, -іт, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз жалғану арқылы) болып келуін айтады.
Өзгелік етіс. Ы.Маманов өзгелік етіс анықтамасын былай береді: “Қимылдың түп иесі атау септігінде, бастауыш қызметінде жұмсалады да, қимылды тікелей орындаушы барыс септігінде жанама толықтауыш қызметін атқарады”. Басқа оқулықтардағы өзгелік етіске берілген анықтамалардың тілдік фактілерге сай келмейтіндігін айтады.
Сабақты етістіктің тура және ауыспалы түріне өзгелік етістің -ыт, -іт, -т, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір жұрнақтары жалғану арқылы жасалуын өзгелік етіске жатқызады. Ы.Мамановтың бұл жерде көңіл аударғаны – салт етістікке өзгелік етіс жұрнақтары жалғану арқылы жасалған сабақты етістіктің ауыспалы түрі өзгелік етіс мағынасын білдіре алмайтындығы. Мысалға, өшіру, қысқарту, ағызу т.б. етістіктерде ешқандай өзгелік мағына жоқ екендігін және қимыл иесінің қимылы тікелей объектіге бағытталып тұрғандығын, қимылды орындаушы агенсті бұл етістіктер керек етпейтіндігін дәлелдейді. Салт етістіктен өзгелік етіс жұрнақтары арқылы жасалған етістік тұлғасын ауыспалы сабақты етістік деп қарайды. Демек, бұлардың үстіне өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда барып өзгелік етіс мағынасы пайда болады. Мысалы, өш-өшір-өшірт, яғни шамды сен өшір; шамды сен оған өшірт. Алғашқыда қимыл иесі субъект болса, кейінгіде ол екінші субъектінің әрекетіне көшеді. Ғалымның осы тұжырымы 2002 жылы жарық көрген “Қазақ тілі грамматикасында” да көрініс тапқан.
Ортақ етіс.Ы.Маманов ортақ етіс формасын салт және сабақты етістіктерге -ыс, -іс, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, әрі етістіктерше, әрі есімдерше өзгереді деп көрсетеді. Ортақ етіс етістік формаларының бірінде жұмсалғанда, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ қатыста екендігін көрсететіндігін, ортақ етіс формасы баяндауыш қызметінде жұмсалса, оның бастауышы адам не басқа жанды заттың ұғымын білдіретін зат есім болатынын айтады. Осыған байланысты төмендегідей мәселелерді еске салады:
“1. Тиісу, жалғасу, қақтығысу, соқтығысу, соғылысу тәрізді бірнеше етістіктер ғана жансыз ұғымды білдіретін зат есімдерден болған бастауышпен тіркесіп келеді. Мұндай сөздердің саны өте аз”. Бұл пікірді жоққа шығармаймыз. Әйтсе де, осы сөздердің мағынасына жіті көңіл бөлсек, тек етістік күйінің өзінде-ақ бірнеше мағынаға ие болып тұрады екен. Мысалы, тиісу: 1. Бірнеше заттың бір-біріне қақтығысуы; 2. Біреуді ұру не балағаттау. Жалғасу: 1. Бірнеше затты біріктіру; 2. Біреудің артынан еру. Қатқтығысу: 1. Бірнеше жансыз заттың бір-біріне соғылуы; 2. Адамдардың ренжісіп қалуы. Соқтығысу: 1. Бірнеше заттың ұрылуы; 2. Адамдардың ренжісуі (соқтықпай жайыңа жүр).
“2. Ортақ етісті сөйлемде табиғат атауларының ұғымын білдіретін жансыз зат есімдер де бастауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай көркем шығармаларда ғана метафора түрінде қолданылады. Мысалы, Аспанда жұлдыздар жымыңдасып, бір-біріне күлімдесіп, әзілдескен тәрізді (Ғ.Мұстафин)”
Кейбір ортақ етіс тұлғасындағы етістіктердің ортақтық мағынасын сақтағанмен, -с жұрнағы өз алдына морфема ретінде дербес қызмет атқара алмайтындығын айтып, кездесу, мұңдасу, сырласу, бірлесу сияқты етістіктерді сөз тудырушы -дас, -дес, -лас, -лес жұрнақтары арқылы жасалған деп көрсетеді.
Ғалым ортақ етіс формасымен жасалған сөздерді