Орындаған: Рахматулла А.,Жиенбаева М.,Жолдыбай Г. Қабылдаған: Балқия Қ



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі21,22 Kb.
#85289
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
етіс,Байтұрсынов,Оралбаева,Маманов


Орындаған:Рахматулла А.,Жиенбаева М.,Жолдыбай Г.
Қабылдаған:Балқия Қ.
Етіс қазақ тілінде субъект пен объект арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы. Қазақ тілінде етіс категориясы, негізінен, морфологиялық тәсіл арқылы жасалады. Әрбір етіс түрі арнайы аффикстермен сипатталады және барлық етістіктен етіс формасын жасауға болады.
Кеңес өкіметіне дейінгі кезеңде жазылған алғашқы түркологиялық еңбектерде етіс қосымшалары етістік құрамында қаралып, сөз болады. Сонымен қатар етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай жіктеледі.Ғалымдардың жіктеуіне тоқталатын болсақ:





А.Байтұрсынов

Ы.Маманов

Н.Оралбаева

1

Сабақты етіс

Салт етістік:

Сабақты етістік:




2

Салт етіс

Өздік етіс

Өзгелік етіс




3

Ортақ етіс

Ырықсыз етіс







4

Өзгелік етіс




5

Өздік етіс

Ортақ етіс




6

Беделді етіс







7

Ырықсыз етіс




8

Шығыс етіс




9

Дүркінді етіс




10

Өсіңкі етіс






Ы.Маманов етісті жіктеуі.
Ы.Маманов қазақ тіліндегі салт, сабақты етістіктер мен етіс категориясын бір-бірімен тығыз байланыста қарастырады. Өздік, өзгелік, ырықсыз етіс мағыналары салт, сабақты етістіктердің грамматикалық формаларынан туатын семантикалық ұғым деп түсіндіреді. [Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. ­– Алматы, Мектеп, 1966. – 36 б.]
Ғалым өздік және ырықсыз етіс формаларын салт етістіктің құрамында, соның грамматикалық формалары есебінде қарайды. Ал өзгелік етіс формасын – салт етістіктен сабақты етістікке айналған грамматикалық форма деп баяндайды. Өйткені, автордың айтуынша, өздік, ырықсыз етіс жұрнақтары – сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын морфемалар. Ал өзгелік етіс жұрнақтары – салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын морфемалар. Ал олардың өздік, ырықсыздық және өзгелік мағыналары сол формалардан туады. Сонымен қатар, өздік, ырықсыз, өзгелік етіс жұрнақтарын сабақты, салт етістіктерден айырып қарауға болмайтындығына мынадай уәж айтады: “Өздік, ырықсыз және өзгелік етіс жұрнақтары сабақты және салт етістіктердің сыртқы категориялық формасын білдірсе, олардың мағыналары (өздік, ырықсыз, өзгелік) сол формалардың ішкі мазмұны болып табылады. Яғни сыртқы формасы мен ішкі мағынасы бір тұлғаның екі белгісі болып саналады. [Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. ­– Алматы, Мектеп, 1966. – 6 б.].
Етістіктердің салт және сабақты болып бөлінуін түркі тілдерінде екі түрде белгіленуімен көрсетеді:

біріншісі

екіншісі



олар ешқандай грамматикалық көрсеткішсіз-ақ, түбір күйінде өзінің лексикалық мағынасына байланысты салт және сабақты болып бөлінуі;

етістіктер өзара арнайы грамматикалық көрсеткіш (морфема) арқылы салт және сабақты болып бөлінуі.

Етіс формалары арқылы салт етістік сабақтыға, сабақты етістік салт етістікке ауысып отырады. Яғни, өздік және ырықсыз етіс жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын морфема қызметін атқарса, өзгелік етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын морфема болып табылады. Мысалы, өту-өткізу, көбею-көбейту, үзілу-үзу, салыну-салу, көру-көріну, салу-салыну т.б.


Шындығында да етіс категориясын салт, сабақты етістіктерден бөліп қарау мүмкін емес. Ғалым пікірінің құндылығы да осында жатса керек.
Ы.Маманов табыс септіктегі тура толықтауышты керек етпейтін, яғни меңгермейтін етістіктерді салт етістіктер деп атайды. Салт етістіктердің табиғатын адамның не басқа заттардың қозғалыс қимылын, күйін, белгінің өзгеру процесін, табиғат құбылыстарының өзгеру күйін білдіруімен түсіндіреді. Өздік етіс пен ырықсыз етісті салт етістікке, ал өзгелік етісті сабақты етістікке тән деп алады.
Өздік етіс. Өздік етіс формасында берілетін қимыл-әрекеттің иесі әдетте адам немесе басқа жанды зат болып келеді. Ы.Маманов кез келген етістіктің өздік етіс тұлғасында жұмсалмайтындығын және өздік етіс мағынасын бере де алмайтындығын дәлелдейді. Мысалы, алыстан көрінді, қорқып тартынып қалды, алма екіге бөлінді деген тіркестерде өздік етіс мағынасы жоқ. Мұндай тіркестерді осы күнгі грамматикада жаңа мағыналы сөз деп таниды.
Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс сабақты етістіктің түбіріне -ыл, -іл, -л жұрнағы жалғану арқылы жасалатыны көптеген тілшілер еңбектерінде дәлелденген. Егер түбір етістіктің соңғы буынында л дыбысы келсе, ырықсыз етіс жұрнағы -ын, -ін, -н түрінде жалғанады.
Ы.Маманов кейбір етістіктердің өздік етіс те, ырықсыз етіс те бола алатындығын айтады. Бұлардың қай етіске жататындығы контекске байланысты аңғарылады дейді. Мысалға, Айша әдеміленді, үй әдеміленді деген сөйлемдегі алғашқы әдемілендіөздік етіс мағынасын білдірсе, екінші сөйлемде ырықсыз етіс мағынасын білдіріп тұрғандығын сөз етеді.
Ы.Маманов айтуынша өздік етісте субъект бастауыш болса, ырықсыз етісте субъект көрінбейді, грамматикалық бастауыш логикалық объект болады. Оған төмендегідей мысалдарды келтірсек түсінікті болады: Арман тазаланды – есік тазаланды; Ол көрінді – бұл көрінді, бір қара көрінді; Адам керілді – жіп керілді т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет