Орындаған: Рзаш Н. М. Тексерген: Кулиев И. У. Алматы, 2022ж Жоспар



бет6/6
Дата02.02.2023
өлшемі98,4 Kb.
#64733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат НУРЖАН ЭТ

2.6 ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862- 1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін
«әлеуметтік адам» ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірін- ше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет, отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар, кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады. Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды да жатқызады. Сонымен, институционализм – бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.
Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.
Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономикалық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған) табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты. Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыс- тардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады. Саясат саласы ерекше нарық ретінде қарастырылады, бұл жерде саясат басындағы қоғамдық лауазымды тұлғалар жеке индивидтер мен фирмалар сияқты өздерінің жеке пайдасын басшылыққа ала отырып маңызды шешімдер қабылдайды. Сонымен қатар, атқарушы және заң шығарушы билік органдары басқару шешімдерін қабылдай отырып, әл-ауқаттылықты арттыруға тырысады.


Қорытынды
Соңында, экономикалық ғылымның әртүрлі бағыттары мен ілімдеріне және олардың ерекшеліктеріне қарай отырып, біз қазіргі экономикалық теорияның жай ғана заңдар мен нормалардың қалыптасқан жиыны емес екенін, оның әртүрлі экономикалық жүйелерді зерттеуде туындайтын сұрақтарға жауап бере алатын танып білудің икемді және үнемі жетілдіріліп отыратын құралы ретінде түсіне аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.

  2. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.

  3. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.

  4. Курс экономической теории. Учебное пособие/Под общ. ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров: АСА.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет