Орындаған: Санқайбай ж тобы: то-207 Тексерген



бет1/4
Дата18.11.2023
өлшемі38,42 Kb.
#124499
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-32749


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: «Баға және баға жасау»



Орындаған:Санқайбай Ж
Тобы:ТО-207
Тексерген: Қ.Т. Нуралина
Семей – 2015ж.
Жоспар
I.Кіріспе
1.1. Баға – күрделі экономикалық категория.
II.Негізгі бөлім
2.1.Баға жасау қағидалары
2.2.Баға жасау әдістері
2.3.Баға және баға жасау саясатының механизмы
III.Қорытынды

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.


Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.
Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.
Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:
— қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.
— орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу – шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.
Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне бай­ланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.
Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторлар:
— жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады);
өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);
— өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);
— өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);
— өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
— өндірістік процестің жинақылығы;
— тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
— сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
— өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.
Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:
— тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;
— еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
— мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
— инфляцияның деңгейі және динамикасы;
— нарык көлемі;
— әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
— біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
Баға жасау қағидалары:
1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):
а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;
б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.
2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:
3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).
Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
а) есебке алу функциясы
б) Ынталандырушы функция.
В) Бөлу функциясы.
Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы..
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн; 2. прейскурантты баға; 3. келісімдік баға.
А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары.
А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.
Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет