Мұғалімнің аты-жөні:
|
Мақұлбаева Фарида Жалалқызы, № 64 мектеп-лицей, Нұр-Сұлтан қаласы
|
Пән/Сынып:
|
Қазақстан тарихы, 10 сынып.
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Қазақ халқының шығу тегі
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары
|
Оқу мақсаты:
|
10.2.2.1 -қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», « ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану;
|
Сабақ мақсаты:
|
Қазақ қоғамындағы шежіре және туыстық пен туыстық қатынастар қағидасының маңызы туралы білу және түсіну
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушы
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта
Сенің білетінің:
Зерттеу сұрағы: Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерінің қандай ерекшеліктері бар?
Кілт сөздер: шежіре, ауызша тарихи дәстүр, экзогамия, ру-тайпалық ұйым, ұлыс, жүз.
|
Сабақтың мақсатымен танысады.
|
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
5-6 минут
|
Жаңа сабақ
|
Шежіре, (араб.: شَجَرة — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.
Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді.
Ру-тайпалық ұйым – көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре айту дәстүрі бар рулық-тайплық ұйым кезкелген көшпелі қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Шежіре қатаң түрде әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан да көп ұрпаққа дейін айтылады.
Ру. Әдетте 10-15 атадан қосылатын ата аймақтар бір ру есептеледі. Оның басшысы ру басы деп аталады. Руға өзінің жеке қасиеттерімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік еткен. Рубасы да көпті көрген, білікті, тәжірибелі адам болған.
Ұлыс. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Ұлыс билігі «сұлтанның» қолында болды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен шақты. Олар билік кеңесіне сүйенген. Билер ірі кеңестерде ұлыстың намысын қорғаған.
Жүз. Жүздер бірнеше ұлыстардан құралады. Оның басшысы хан деп аталады. Қазақ жүздері шамамен XV-XVI ғ.ғ. тайпалардың одағы негізінде қалыптасқан. Жүз билеушісі хан болды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында алған білімдерін талдайды.
|
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
6 минут
|
Тәжірибе
|
1-тапсырма. Алған біліміңді пайдалана отырып, терминдерге анықтама беріңдер.
Патронимия –
Экзогамия -
Жүздер -
Ұлыстық жүйе –
Ата-жұрт –
Ру –
Дескриптор: Білім алушы:
берілген терминдердің анықтамасын табады.
2 – тапсырма. «Жеті атаны білудің маңызы» тақырыбында 50-70 сөзден тұратын эссе жазу.
Дескриптор: Білім алушы
қазақ қоғамындағы жеті атаға байланысты әдет-ғұрыптарды анықтайды;
жеті атаны білудің маңызын ашады.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру.
Дескрипторларды қолдана отырып жеке жұмыс орындайды.
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
Дескрипторлар арқылы бағалау
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
1 минут
|
Қорытынды.
|
Үй тапсырмасы. Тақырыпты түсініп оқу
|
|
|
|