Орындаған: Санқайбай ж тобы: то-207 Тексерген


Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне



бет3/4
Дата18.11.2023
өлшемі38,42 Kb.
#124499
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-32749

Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:
Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
сұраныс бағасы – сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
ұсыныс бағасы – сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;
өндіріс базасы – барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
реттелетін бағалар – мемлекеттік басқару органдары ор­нататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:
шектеулі бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;
бекітілген бағалар – белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.
Тағайындау және бекіту әдісі бойынша. Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
қатаң баға (тұрақты) – шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
— өнімді жедел жеткізу;
— өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
— ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
жылжымалы баға – егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
сырғымалы баға – ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
тұрақты баға — әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.
маусымдық баға – маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
— белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;
сатылы баға – белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
аныктамалық бағалар – каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
— ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;
прейскуранттық баға – сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі.
есеп айырысу бағасы – жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады;
— жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық және коммерциялыкқ жағдайына есептеп дәлелдейді.
Нарық түріне байланысты:
аукциондық баға — тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
биржалық баға белгіленімі – биржа арқылы сатылатын бір стандартталған тауарлардың (оның ішінде бағалы қағаздар бағасы;
сауда-саттық бағасы – алдын-ала ерекше құжатта (тендер де) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орын мердігерлікті жеңіп алу, немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет