Орындаған: Сансызбай Қ. Е



бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі60,83 Kb.
#140373
1   2   3
Байланысты:
сөж4 20ғ

«Күй» повесінде адамзат атаулы ойлап тапқан жаза түрлерінің ішіндегі ең қатыгезі, адамдық қасиетке жат жаза «тұтқын басына кепеш кидіру» көшпелі
тайпалар арасындағы ежелден келе жатқан шара ретінде суреттеледі. Басына кепеш киген тұтқын жадынан айрылып мәңгүртке айналады. Мәңгүрттік ұғымын қазақ әдебиетінде осы шығарма арқылы көріп, сипатын танысақ, жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ түн») романында «Найман ана» аңызынан анасын өлтіруге дейін баратын қасіретін көріп жанымыз түршігеді.
Күй - қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын өнер туындысы. Адамның жан-дүниесін рухани байытып, көңілін көтеріп қуантатын да, еңсесін басып күңірентетін де, жабыққан сәтте жұбантатын да қасиетке ие өнердің бірі осы күйшілік болғаны анық.
«Шыңырау» повесі төзімділіктің, еңбекқорлықтың, кәсібіне адалдықтың ескерткіші. Құдық қазушы Еңсептің бастаған ісін бітірмей тоқтамайтыны, ол жолда көзіне ешнәрсе көрінбейтіні шығармада өз бояуымен баяндалған.
Қазақ қоғамының советтік кезеңдегі тұрмыс-тіршілігінің кішігірім көрінісін
осы повес айқын аңғартады. Повестегі психологиялық белгілердің астарлы қабаттары көптеп көрінеді [5].
Автордың «Бәйгеторы» повесі қазақтың атбегілік өнеріне арналған ескерткіш. Қазақ жазушылары ішінде тұлпарлар тарихын жазбаған жазушы немесе ақын жоқ десе де болғандай. Әсіресе осы алпысыншы жылы әдебиетке келген қаламгерлер арасында. «Бәйгеторы» сол циклді толықтырған туынды. Қазақ халқының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін айқындау барысында екі өнер түрін жан-жақты білу аса қажетті. Бірі - күйшілік, екіншісі - атбегілік. Осы екі өнердің қазақ қоғамының ажырамас бөлігі болғаны ақиқат. Эстетикалық құндылығы жағынан жоғары сатыда тұрғаны да осы екі өнер.
Бәйгеге қосатын атты баптау, оны құлын кезінен тани білу өз ісінің маманы,
нағыз атбегінің қолынан ғана келетін дүние. Атбегінің қолынан келген барша
қазақтың қолынан келмесі анық.
Жазушы туындыларында қазақ жұртының кәсібі, мәдениеті, дәстүрі, ұстанымына байланысты қалыптасқан наным-сенімдері, салт-ғұрыптары
дәріптеліп, шығарма жүйесінде танымдық, эстетикалық қызмет атқарады.
Қаламгердің көңіл бөліп, айрықша ден қоятыны – шығармасының ұлттық
бояуының қанық және шынайы болып шығуы. Ә.Кекілбаев шығармаларының
денінде халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мейлінше мол көрініс тапқан.
Шығармаларының көркемдік-идеялық байлығы туындының поэтикалық құрылымындағы этнографиялық деректердің молдығы, атқаратын қызметімен
де анықталады. Ел ішінің алтын бесігінде тербеліп өскен жазушы халықтың бар дәстүріне қанық болып өскендіктен оны айтпауы, жазбауы мүмкін де емес
еді. Ол халық өмірінің іргелі көріністерін бедерлі бейнелеуге ұмтылды. Мысалы, «Бір шоқ жиде» повесін талдап көрелік.
Шығарманың экспозициясы Тілеу ақсақалды о дүниеге шығарып салу рәсімінен басталып, підия ғұрпы суреттеледі. Підияны бір өңірде дәуір десе,
бір жерде ысқат деп те атайды. Ол – марқұмның артында қалған қарызын кешіру, мойнына алу рәсімі. Мұсылмандардың өлген адамды жерлер алдында
артында қалған ұрпақ, ағайын, дос, бауырына, қала берді көп жамағайынға қойылатын екі сұрақты автор бекер енгізіп отырған жоқ. Бірі – ол адамның тірлікте қандай адам болғандығы, екіншісі – ешкімге қарыз болмай аттануы. Міне, адам мейлі қанша ғұмыр кешіп, қанша жас жасаса да оның алдында осы
үлкен екі міндет тұрады: бірі – жақсы адам боп ғұмыр кешу, ешкімге қиянат
жасамау болса; екіншісі – біреудің ала жібін аттамау, ешкімнен ештеңе алмау,
өзіне тиесілі несібесіне қанағат етіп қана өмір сүру.
Шығармада көрініс табатын тағы бір құндылық – қазақтың ем-домы. Шілде
түсіп, күн қатты ысып кеткенде сәби қатты қызулап, өн бойы албырап, екі
көзін аша алмай, ыңқылдаған дыбысы кемпір-шалдың сай-сүйегін сырқыратып қатты ауырып қалады. Сонда Тілеу қазақтың бұрынғы ем-домын
жасап баласын бір-ақ күнде жазып алады. Ауыл сыртындағы ажырығы мол қара қолатқа қақпан құрып, қарақұйрық ұстап әкеледі. Баласын тыр жалаңаш
шешіндіріп, төрт аяғын тас қып буған қарақұйрықты тас төбесіне көтеріп апарып, кеңірдегінен орып жібереді. Сау ете қалған бауыздау қан жас баланың
тәніне тигенде күйген бауырдай дірдектеп ұйып түседі. Содан соң баланы жел
тимейтіндей етіп қымтап орап, жатқызып қояды. Аздан соң ерні кезеріп жатқан сәби бұршақ-бұршақ боп терлейді. Моншақтап терлеп жатқан баласына қарап отырып: «Қозының жас қаны балаға ауырлау еді. Қарақұйрықтың жылы қаны тұла бойындағы қызғынды қазір-ақ сорып алады» деп қуанады. Тілеудің Тұяқ дегенде шығарда жаны басқа, мәпелеген ықыласы ерекше. Тұсау кесу, сүндет той, мектеп бітіру тойы, оқуға түсу үшін Алматыға екі рет оқуға барып қайтуында да, әскерге кеткенде де мал сойып, құдайы тамақ беру бұл отбасының жазылмаған заңы-тын. Өйткені, адамның ізі – белінен өрген перзенті ғана. Перзенті үшін ештеңе аямақ емес.
Шығармада құрбандық шалу салты да айтылып өтеді. Құрбандық – құдайға
құлшылық ету ниетімен мал шалу жосыны. Құрбандыққа сойылатын малдың
басын құбылаға қаратып, алақанын жайып: «О, жасаған, аруақтарға
бағыштаған ай мүйізді, аша тұяқты, жұпар иісті ақ, адал малымды қабыл ала
көр!» деп бетін сипайды да, «бісміллә» деп тамақтың астынан орып жібереді.
Аузына берік сырбаз кісінің бауыздаған малы тырп етпей, тұяғын бір серпеді
және оның бауыздау қаны жан-жаққа шашырамай, ұйып түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет