Немесе дистрофия, остеопатия деп аталады. Бұл ауру негізінен фосфор-кальций тұздарының алмасуы бұзылғандықтан, минералды заттардың жетіспеуінен болады. Көбінесе, сиыр мен ешкі қысты күндері ауырады. Жем-шөптің сапасы нашар, құрамында кальций фосфор аз, каротин-дәрумен Д мүлдем жоқ болып, мал күн көзіне шықпаса, жаппай ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері: малдың іші өтеді, лас-сасық суды ішеді, тісі былқылдап түсе бастайды, жүргенде ақсайды, буындары іседі, соңғы құйрық омыртқалары әбден жұқарып жоғары көтергенде бүктеліп тұрады, әлсіз ғана соққыдан аяқтары сынып кетеді.
Ауруды емдеу үшін ең алдымен, рационның құрамын жақсарту керек; минералды түздар, әк, балық майын, дәрумендер, шырша қылқындарының ұнын қосады. Венаға хлорлы кальций ерітіндісін салады.
Іш тастау (Abortus)
Буаздықтың ақырына ддейін жетпей уақыттынан бұрын үзілуін аборт деп атайды. Аборт шаруашылықта үлкен экономикалық зиян келтіреді. Аборттың әсерінен мал ұзақ уақыт қысыр болуы мүмкін.
Іш тастау деген ұғым аборттың бір түрі ғана, аборттың нәтижесі әртүрлі, атап айтқанда төл ыдырап сіңіп жоқ болып кетуі мүмкін, іріп-шіріп, қлі тууы немесе тірі, бірақ жетілмей тууы мүмкін. Іш тастау деп жетілмеген, қызыл шақалақ өлі тқлдің түсуін айтады.
Буаздықтың алғашқы жартысында, бір аййдың ішінде болған абортты ерте болған аборт, ал екінші жартысыннда, соңғы айларында болған абортты кеш болған аборт немесе шала туу деп те айтады.
Клиникалық көрінуіне қарай:
Көп төлді малдың ішіндегі барлық төлі өліп қалса толық аборт (abortus completes), бір-екеуі өліп қалғандары аман-есен ай-күніне жетіп туса жартылай аборт (abortus incompletes) дейді.
Ұрғашы малдың жыл сайын буаздықтың, белгілі бір мерзіміне жеткенде іш тастап кетуін үйреншікті аборт (abortus habitualis) дейді.
Буаздыұтың ерте мезгілінде аборт болып, төл ыдырап-сіңіп, ешқандай клиникалықбелгілері байқалмаса, оны жасырын аборт ( abortus latentus) дейді.