Аборт болған малды табыннан бөлектеп, жылы, құрғақ жерге оқшаулайды, жеңіл қорытылатын,құнарлы жемшөп, беріп, ерекше күтімге алады. Мал дәрігерінің бірінші мақсаты жатыр ішін тазарту. Ол үшін 1 пайыздық синестролдің ерітіндісін 2-5 мл, тері астына жібереді, 8-10 мл, питуитрин, 50-60 ЕД окситоцин, 2-3 мл 0,5 пайыздық прозерин салса да болады.
Сұрақтар
Буаздық кезіндегі аурулар?
Іш тастау деген не?
Аборт жіктелуі?
Клиникалық көрінуіне қарай аборт қандай түрге бөлінеді және олардың латынша атауы?
Инфекциялық аборт қандай аурулар салдарынан болады?