2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру».
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Жаңа кадр саясаты.
3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту.
3.1 Бюджет саясаты.
3.2 Салық саясаты.
3.3 Ақша-кредит саясаты.
3.4 Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты.
4. Инфрақҧрылымды дамыту.
5. Мемлекеттік активтерді басқару жҥйесін жаңғырту.