Орындаған: Шаймарданова Альбина Тексерген: Кикимбаева Айсулу


Постэмбрионалдық гемопоэз



бет4/4
Дата09.11.2022
өлшемі1,53 Mb.
#48702
1   2   3   4
Постэмбрионалдық гемопоэз
Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі қанның формалық элементтерінің түзілу процестерін постнаталдық (лат. post - кейін, natus - дүниеге келу) гемопоэз деп атайды. Бұл - формалық элементтердің қартаю және қызметтерін атқару кезінде табиғи бұзылуы салдарынан болатын шығынын толықтырып, қанның физиологиялық регенерациясын қамтамасыз ететін процесс.
Постэмбрионалдық гемопоэздің көлемі мен физиологиялық маңыздылығын мына цифрлар арқылы көз жеткізуге болады
Адамның 70 жыл өмірінде қан түзетін агзаларында 275 кг лимфоциттер, 460 кг эри- троциттер, 5400 кг гранулоциттер және 40 кг тромбоциттер түзіледі екен.
Қан түзетін миелоидты және лимфоидты тіндер. Постнаталдық гемопоэз миелоидты (сүйектің қызыл кемігі) және лимфоидты (тимус, талақ, лимфалық түйіндер, бадамшалар, құрттәрізді өсінді және әр түрлі мүшелер жүйелерінің қабырғасында орналасқан лимфоидты түйіншектер, пейер түймелері) қан түзуші ағзаларда өтеді .
"Қан түзуші және иммуногенез ағзалары" тарауы. Функциялық тұрғыдан алғанда олардың жетекші құрылымдық элементі - қан түзуші тіндер: сүйектің қызыл кемігінде - миелоидты, ал басқа атал ғандарда лимфоидты тіндер (қан түзуші ағзалардың корытынды аталуы осы себептен). Миелоидты тінде миелопоэз өтеді, яғни гранулоциттер, тромбоциттер және эритроциттер дамиды.
Лимфоидты тінде Т- мен В- эффекторлар қалыптасуына әкелетін Т- және В-лимфоциттердін пролиферациясы мен дифференциялануы, яғни лимфопоэз өтеді.
Миелоиндты және лимфоиндты тіндердің жалпы құрылысы ұқсас - екі құрамдастардан тұрады:

2) арнайы қасиетті дәнекер тіндерге жататын ретикулярлы тіннен. Қан түзуші (миелоидты және лимфондты) тіңдер құрамында бұл тін строманы құрып, дамушы гемопоэздік жасушалардың дифференциялану бағытын анықтайтын микроортаны құрайды және басқа да нақтылы функцияларды атқарады.
Қан түзілудің унитарлық теориясына сәйкес қанның барлық формалық элементтері гемопоэз кезінде полипотентті жасушаның бір типінен қанның дің жасушасынан (ҚДЖ) дамиды.
Қан тін ретінде алгашқы рет эмбриондық даму кезінде мезобластика- лық, яғни ұрықтан тыс мезодермадан дамыған ағзаларда (сары уыз қап- шық, хорион және сабақшада) пайда болады. Олардың қабырғасында ең бірінші болып ҚДЖ-лары дамиды және болашақ даму барысында олар қанның барлық формалық элементтерінің қайнар көзі болады.
Мұнан былай қан түзілу процесі ұрық денесіне ауысады, себебі ҚДЖ-ның бірінші буыны осы кезде қалыптасып үлгерген тамырлар арқылы сонда көшеді. Олар эмбрионда дамып жатқан ағзаларда - бауырда, талақта, сүйектің қызыл кемігінде, лимфа түйіндерінде бірізді түрде орын теуіп, қан түзілудің жаңа ошақтарын ашады. Эмбриондық гемопоэз барысында қан түзуші ағзалар гана емес, оларда дамитын қанның формалық элемент терінің құрамы да ауысып тұрады.
Қанның барлық формалық элементтерінің өмір сүру үзақтығы шектелген, сондықтап олар қан түзуші агзаларда (сүйектың қызыл кемігі, тимус, талақ, лимфа түйіндері, лимфоидты құрылымдарда) постнаталды дүниеге келгеннен кейінгі кезеңде де, адамның бүкіл өмірі бойы үздіксіз жалгаса береді. Гемоцитопоэз (қанның формалық элементтерінің дамуы) негізінде жасу- шалық механизмдер жасушалардың пролиферациясы, коммитациялануы, детерминациясы және дифференциялануы жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет