Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттер Гранулоциттер Нейтрофилдер
базофилдер
эозинофилдер
Олар сүйектің қызыл кемігінде түзіледі,цитоплазмасында арнайы бояумен боялатын көптеген түйіршіктер және сегменттелген ядролары бар.
Нейтрофильді гранулоциттер-саны көп,лейкоциттердің 48-78% құрайды.Ядросында 3-5 сегменттері болады.Нейтрофилдер пісіп жетілу мерзіміне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Олар:жас,таяқша ядролы және сегментті ядролы түрлері.Лейкоциттердің жас түрі мен таяқша ядролары әлі пісіп жетілмеген жас жасушалар болып саналады.Жас түрінің мөлшері қанда 0,5%-тен аспайды,не болмауы да мүмкін,ал таяқша ядролысы 1-6% ,пішіні «S» әрібі тәрізді болып келген ядросы бар.Лейкоциттердің соңғы екі түрі көбінесе қанды көп жоғалтқанда және қабыну процесстерінде кездеседі.
Нейтрофилді лейкоциттердің цитоплазмасында екі түрлі:арнайы және азурофилді түйіршіктері болады.Арнайы түйіршіктері майда,ашық түсті,саны көп,құрамында бактериостатикалық және бактериоцидті заттары лизоцим,сілтілі фосфатаза мен лактофферині бар.Лизоцим бактерияның қабырғасын бұзатын фермент болып табылады.Лактоферрин темір ионымен байланысып бактерияларды өзіне жабыстыратын қасиетке ие.
Азурофильді түйіршіктері ірі,көгілдір-қызыл түске боялады.Бұларда біріншілік лизосомалар болып табылатын,құрамында лизосомальды ферменттері бар лейкоциттер. Жалпы нейтрофилдердің қызметі микроорганизмдерді фагоцитоз әдісімен жояды.Сондыықтан бұларды макрофагтар дейді.Сау адамда фагоцитоз процесіне қатысатын нейтрофилдердің мөлшері 69-99,бұл көрсеткішті нейтрофильдердің фагоцитарлы белсенділігі дейді.Нейтрофильдердің тіршілігі 5-9 тәулікке жақын.
Эозинофильді гранулоциттер-жалпы лейкоциттердің 0,5-5 д-12-14 мкм ядросы көбінесе 2 сегменттен тұратын,цитоплазмасында Гольджи аппараты,аздаған митохондриялары болады.Эозинофильдердің плазмалеммасының астында актин филоменттері орын алады.Цитоплазмасындағы түйіршіктері азурофильді(біріншілік),эозинофильді(екіншілік) болып бөлінеді.Бұл түйіршіктердің негізін лизосомалар түзеді де,құрамында электронды-тығыз гидролитикалық ферменттер болады.Ал,арнайы эозинофильді түйіршіктерінің д-0,6-1мкм болып келген ,кристаллоидты құрамында негізгі белоктар,оның ішінде аргинин және лизосомальді гидролитикалық ферменттер мен пероксидаза болады.
Базофильді гранулоциттер.Жалпы лейкоциттердің 0-1 құрайды,д-11-12 мкм.Сегменттелеген ядросы(2-3) бар,цитоплазмасында жасуша органеллаларының бәрі де кездеседі,ал ерекшеліктеріне олардың өте ірі метахромды боялған түйіршіктерінің (0,5-1,2 мкм) болуы жатады.Базофильдердің түйіршіктерінің құрамында гепарин,вазоактивті гистамин,бейтарап протеазалар мен энзимдер болады.Базофильдердің астма,анафилакция,ьөртпе тері ауруларында дегрануляциясы байқалады.Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі де,қан ағымында шамамен 1-2 тәуліктей болып,тіндерге өтеді.Базофильдер ағзада иммунды және аллергиялық реакцияларға қатысады.Сонымен бірге базофильдер қанның ұюы мен қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін де реттейді.
Агранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады.Ерекшелігі цитоплазмасында түйіршіктер болмайды және ядросы сегменттелмеген.