Орындаған: Шелекбай Сая Тобы; Миф 21-2К Әдістемелік нұсқаулар



бет2/2
Дата20.06.2023
өлшемі17,17 Kb.
#102495
түріНұсқаулар
1   2
Тапсырмалар
1. Мектеп оқушыларының шаршауын
және зорығуын болдырмау шаралары
Оқушының оқу күні елеулі ақыл-ойлық және эмоционалдық жүктемеге толы. Мектептегі кернеу мен статикалық кейіпте ұзақ болу оқушының қатты шаршауына және оған күш түсуіне жетелейді. Дәл осы қатты шаршау нервтік, психосоматикалық және басқа жедел мен созылмалы кеселдердің дамуына алғышарттар жасайды. Жоғары науқастылықтың пайда болуы мен дамуының болуы мүмкін себептерінің біріне оқушының ақыл-ойлық зорығуы жатады. Ақпараттың шектен тыс артықтығы баланың оны қабылдамауына және ештеңені есте сақтамауына әкеледі. Әсіресе қатты шаршауға кіші мектеп жасы бейім, өйткені бірінші сынып оқушысына жаңа жоғары талаптар қойылады, ақыл-ойлық жүктемелер арта түседі, жауапкершілік күшейді. Алдын алу шаралары: - баланың дұрыс күн режімінің болуы. Мұндағы маңыздысы – ұйқы мен оның ұзақтығы жас шамасына сәйкес қатаң сақталуы тиіс. - оқушының жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру. - ақыл-ойлық және денелік жүктемелерді кезектестіріп отыру. - оқушының дұрыс тамақтануы. Оның тәулігіне 4-5 рет болуы керек. - компьютерде отыру уақытын реттеу. - балаға көтеріңкі талаптар қоймау. - иммунитетті нығайту. .
2. Мектептің тәртіп үдерісіне қойылатын гигиеналық талаптар
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды. Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет