І тарау Алаш қозғалысының тарихи маңызы; алаш идеясы 1.1 Алаш қозғалысының құрылуы мен алаш зиялылардың қызметі
20 ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ысырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси жайға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін жаңа саяси әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905-07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш – сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын. Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалысытың негізін қалады. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Оны дайындағандар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Жақып Ақбаев. Осы мезгілден бастап Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жайындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Бұл құзырхатты өз қолымен Петербургтағы үкімет орындарына тапсырушы Ә. Бөқейханов болды. Осыдан кейін алаш зиялылары қуғынсүргінге ұшырады. Патшалық Ресей 1904 жылы қоныс аудару, жерге орналастыру басқармасын құрып, отарлау саясатын жалғастырды. Қазақтың көптеген құнарлы жерлерін тартып алып, келімсектерге берді. 5 Қарқаралы құзырхатында көтерілген мәселеллер: 1. Қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі ретінде мойындау; 2. Қазақ мектептерін ашу; 3. Болыс кеңселерінде, сотта іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу; 4. Мұсылмандық діни басқару жүйесін құру; 5. Қазақша басылымдарға арналған баспаханаларды ашу; 6. Қазақ еліне земстволық басқару жүйесін беру; 7. Қазақ халқын орыстандыру саясатын тоқтату; 8. Сайлау құқығын кеңейту және басқа мәселелер; «Қарқаралы құзырхатында» қазақ халқының еркіндікті аңсаған мұңмұқтажы ашық білдірілді. Бұл Ресей езгісінде отырған елдердің ішінде бірінші шыққан құзырхат еді. Бірақ ол Ресей патшалығына ұнаған жоқ, қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, Кеңес үкіметі тұсында көптеген зиялыларымыз халық жауы деп саналып, атылып кеткені белгілі. 1911 жылдан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ жол» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық ұстанымдарды қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзіне қарай «Алаш» партиясының, соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанмен, ұлтазаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен 10 жыл (1929-39) шығып тұрған «Яш Түркістан» журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты ұлттық бостандық болған Алаш қозғалысы көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғасырдың алғашқы жылдарынан бастау 6 алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейін тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік билік алаштық атанған зиялылардың ең белсенді бөлігін, қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.
1.2 Алаш қозғалысы: тұтастығы мен қатысушылары
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», — дей келе, Н. Назарбаев ойын әрі қарай былай деп жалғастырады: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады...».Алаш қозғалысы сияқты ұлт тарихындағы аса ірі оқиғаға қатысы бар мәселелердің барлығына шынайы, толымды баға берілуі қажет. Осы ұлт-азаттық қозғалысының әлі де ғылыми тұрғыдан мейлінше нақтыланбаған негізгілерінің қатарынан орын алатын үш мәселеге тоқталмақпыз. Олар: қозғалыстың басталған уақыты және сол бастапқы кезеңге енетін оқиғалар, «Алаш қозғалысы» деген атауға ие боларлық дербес үдеріс ретіндегі сипаты және қозғалысқа қатысқандардың мүмкіндігінше толық тізімі.Қозғалыстың бастауы туралы айтқанда, ең алдымен, Алаш қайраткерлерінің өз еңбектеріне үңілгеніміз жөн. Өйткені, олардың еңбектерінен қозғалыстың қайнар көздері жөнінде бізге тірек боларлық деректер табамыз. Айталық, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1905 жыл туралы: «Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» десе, Міржақып Дулатұлы: «Жұртқа бірдей жақсылық таңы атқан 1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, солардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады» деп жазды.Осыларға ұқсас ойларды М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінен де кездестіреміз. Бұдан шығатын қорытынды: Алаш қайраткерлерінің өздері ұлт-азаттық қозғалыстың 1905 жылдан басталғанын меңзейді. Алаш қозғалысының басталған уақыты жөнінде қазіргі алаштану ғылымында бірнеше пікір орын алып жүр. Көрнекті алаштанушы ғалым М. Қойгелдиев өз зерттеулерінде Алаш қозғалысы тарихын 1905 жылдан бастайды . Түркиялық ғалым қандасымыз Ә.Қара Алаш қозғалысын 1913 жылы «Қазақ» газетінің шығуымен байланыстырады. Сондай-ақ, қоғамда Алаш қозғалысын «Алаш» партиясымен, Алашорда үкіметімен бір құбылыс ретінде қабылдап, жалпы қозғалыстың тарихын 1917 жылмен байланыстыратын көзқарастар да байқалып қалады. Енді осыларға тоқталайық. Профессор Ә.Қара «Алаш қозғалысының соңғы түйіні – Мұстафа Шоқай» мақаласында қозғалыстың бастауы жөнінде: «Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды.Оның «Қазақ» газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жылы жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды»деп жазады. Алаш қозғалысының тарихына жіті үңілсек, онда шетелдік ғалыммен келісу қиын. 1913 жыл Алаш қозғалысының үні болған, қозғалысқа қарқын қосқан, қозғалыстың жалпыұлттық сипатқа ие болуына аса айрықша үлес қосқан «Қазақ» сынды тарихи басылымның шыға бастаған жылы. Оны қозғалыстың басталу мерзімімен тікелей байланыстыруға болмайды. Сондай-ақ, оның қозғалыс тарихын 1918 жыл деп осы жылы «партия, үкімет және газет тарқап кетеді» дегеніне де қосылмаймыз. Аталған жылы «Қазақ» газеті шығуын тоқтатқанымен Алашорда үкіметі тарқаған жоқ. Ал «Алаш» партиясына келсек, 1917 жылы Бірінші жалпықазақ сиезінде Құрылтайға депутаттар ұсынған бұл партия осы жылдың күзінде бағдарламасының жобасын дайындағанымен, Екінші жалпықазақ сиезінен кейін Алаш қозғалысы тарихында партия емес, Алашорда үкіметі алдыңғы қатарға шықты. Семейдегі Алашорданың кіндік үкіметі 1919 жылы жұмысын тоқтатқанымен, Алашорданың Батыс бөлімшесі 1920 жылдың басына дейін өмір сүрді. Бұл – бір. Екіншіден, Алаш қозғалысын бір ғана Мұстафа Шоқайдың қайраткерлігімен байланыстыруға келмейді. Алаш қозғалысының бастауында саясатқа М.Шоқайдан бұрын араласқан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Б.Құлманов, М.Дулатов т.б. тұрғандығын ұмытпағанымыз жөн. Олар, біздің ойымызша, ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы аға буын өкілдері де, Мұстафа Шоқай осылардан кейінгі буынның көрнекті өкілі. Оның эмиграциядағы 20 жылға жуық күреске толы өмірі ұлтымыздың азаттық идеялары тарихындағы аса бір жарқын беттер. Дегенмен, ол жылдарды Алаш қозғалысы ауқымындағы уақыт деп бағалауға бола қоймас. Сонымен бірге, тұтас Түркістан идеясын насихаттаған М.Шоқай мен қазақтың ұлттық мемлекетін құру үшін күрескен Алаш қайраткерлері арасында өздеріне тән идеялық ерекшеліктер бар екендігін де ұмытпайық.Ал Алаш қозғалысы қай кезге дейін жалғасты десек, онда, әлбетте, 1920 жылдың наурызын атаймыз. Бұдан соң кеңестік Ресей құрамындағы кеңестік социалистік автономия құрылды. Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі кеңес жағына шықты, кеңестік қызметке араласты. 1920 жылдары Алаш зиялыларының шығармашылығы ұлттық мазмұнда болғанымен, олар негізінен, бұрынғыдай күрескерлік бағытында емес, таза көркем және ғылыми шығармашылық мазмұнында болды.
Сондықтан біз Алаш қозғалысын 1905 жылғы қазақ даласындағы құзырхат, сьезд, басқосулар сияқты отаршыл саясатқа қарсылықтағы саяси шаралардан бастаймыз.Алаш сынды ұлт тарихындағы ірі азаттық қозғалысының тарихын бірер жылға сыйғызудың жөні келмейді. Мұндай қозғалыстардың түптамыры тереңде болмақ. Жоғарыдағы пікірлерге аялдасақ, онда қозғалыс тарихын 1913 жылдан да, 1917 жылдан да бастау аса дәл пікірлер емес. Себебі, 1913 жыл Алаш қозғалысының үні болған «Қазақ» газетінің шыққан жылы. Егер газет шығару бастамасын қозғалыстың қайнар көзі ретінде қарастырсақ, онда Ахмет Байтұрсынұлы және оның серіктері газет шығаруды аталған жылдан әлдеқайда бұрын қолға алған, жоспарлаған. Дегенмен, отаршылдық саясат газет шығаруға 1913 жылы ғана мүмкіндік берді. Алаш қозғалысының қазақ тарихындағы саяси һәм рухани үдеріс ретінде 1905 жылдан басталып, 1920 жылдың көктеміне дейін жалғасқан тұтас тарихи құбылыс екендігін дәйектеу үшін мынадай мәселелерді көлденең тартып, оларды шешуге тырысамыз. Олар: 1) Қозғалыстың басында тұрған және оны өрістеткен тұлғалардың бірлігі мен тұрақтылығы;2) Қозғалыстың басталған уақыты және аяқталу кезеңі; 3)Қозғалыстың басты идеясының жалғаспалылығы мен үздіксіздігі. 4) Қозғалыс мұратын жүзеге асырудағы амалдар мен тәсілдердің сабақтастығы; 5)Қозғалыстың жалпыхалықтық сипат алуы;6) Қозғалыстың мәдени-рухани сипаты. 7) Қозғалыс атауы. Алаш қозғалысын тұтас үдеріс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін осыларды пысықтап көрейік.1) Қозғалыстың басында тұрған және оны өрістеткен тұлғалардың бірлігі мен тұрақтылығы. Қандай да бір тарихи үдеріс бір ортақ атауға ие болуы үшін оны қалыптастырған негізгі тұлғалардың шоғыры болуы тиіс. Мақсаты бір, ниеті ортақ, мүдделес осындай тұлғалар сол саяси құбылыстың жолдары мен тәсілдерін айқындайды. Қозғалыстың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Құлманов, Н.Ипмағамбетов, Ғ.Бердиев, М.Тынышпаев, М.Дулатов, Ж.Ақпаевтар болғанын сол кездегі тарихи оқиғалардан айқын аңғарамыз. Осы аталған тұлғалар және тағы да басқа қайраткерлер 1905 жылдан бастап белсенді саяси күреске шықты және олар 1917 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпірінде облыстық қазақ сиездерін ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты, алдымен азаматтық, сосын қазақ комитеттерін, «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысты және оларды басқарды. Сонымен бірге, олар Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, «Алаш» партиясы атынан бүкілресейлік Құрылтай жиналысына ұсынылды, Алашорда үкіметінің құрамына сайланды. Яғни, 1905 жылы басталған Алаш қозғалысын қайраткерлердің белгілі бір шоғыры дайындап, олардың басым көпшілігі қозғалыстың соңына дейін бастамашылық, ұйытқылық, жетекшілік рөлде болды.Қозғалыс қарқын алған сайын бұл қайраткерлердің де халық алдындағы беделі өсті, яғни бұқара халықтың оларға деген сенімі беки түсті. Қозғалыстың туу кезеңінен бастап, әсіресе, Әлихан Бөкейханның беделі күшті болғандығы байқалады. Оны Ахмет Байтұрсынұлының Әлиханға арнаған өлеңіндегі мына бір шумақтан айқын аңғарамыз.
Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай! Алаш қозғалысының басы мен соңына қарасақ, онда оның қай кезеңінен де Әлихан Бөкейханның тұлғасы өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Бұл тұлғаның күресі, өз кезегінде, Алаш қозғалысының 1905 жылдан басталғандығына, сөйтіп 1920 жылы аяқталғанына да көрнекі мысал бола алады.Алаш қозғалысына қатысқан барлық азаматтардың есімдерін бүгінгі ұрпаққа таныстыру мәселесі алаштану ғылымында өз деңгейінде қолға алынбай келе жатқан мәселе екендігі белгілі.
Қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, Кеңес үкіметі тұсында көптеген зиялыларымыз халық жауы деп саналып, атылып кеткені белгілі. 1911 жылдан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақ жол» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық ұстанымдарды қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзіне қарай «Алаш» партиясының, соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанмен, ұлтазаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен 10 жыл (1929-39) шығып тұрған «Яш Түркістан» журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты ұлттық бостандық болған Алаш қозғалысы көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғасырдың алғашқы жылдарынан бастау 6 алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейін тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік билік алаштық атанған зиялылардың ең белсенді бөлігін, қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. Алаш қозғалысының мүшелері: • Ақбаев Жақып • Аманжолов Садық • Алмасов Омар • Байтұрсынұлы Ахмет • Бекімов Молданияз • Бірімжанов Ахмет • Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы • Боштаев Мұқыш • Досмұхамедов Жаһанша • Досмұхамедов Халел • Ермеков Әлімхан • Жақыпбаев Нүсіпбек • Жанайдаров Сейілбек • Жұмабаев Мағжан Бекенұлы • Итбаев Ережеп • Қадырбаев Сейдәзім • Қашқынбаев Иса • Кенжин Аспандияр • Мәметов Базарбай • Омаров Елдес • Сарсенов Биахмет • Сабатаев Сатылған • Солтоноев Белек • Танашев Уәлитхан • Тиесов Елдес Омаұлы • Тынышбайұлы Мұхаметжан • Тұрлыбаев Айдархан • Шонанов Телжан • Шоқай Мұстафа • Ғаббасов Халел • Құлманов Бақыткерей • Әлжанов Отыншы
1.3 Алаш қозғалысы туралы деректер мен ұлттық басылымдағы мақалалар
Қазақ тарихындағы ең ірі ұлт-азаттық қозғалысқа үлес қосқан Алаш азаматтары есімдерінің тізімін жасауды алғаш рет қолға алған көрнекті алаштанушы, академик Кеңес Нұрпейіс болатын. Ол өзінің «Алаш һәм Алашорда» атты іргелі зерттеуіне қозғалыс мүшелерінің тізімін енгізіп, оны «Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі» деп атады. Осы тізімде 270 адамның аты-жөндері берілген. Әлбетте, Алаш қозғалысы тарихын зерттеуде бұл тізімнің өзіндік тарихи һәм ғылыми мәні айтарлықтай. Тізімнің алғаш рет 1991 жылы жарияланғанын, яғни елімізде алаштану ғылымы енді ғана қалыптаса бастаған шақта жасалғанын еске алсақ, әрине, оның нақты әрі соңғы тізім бола алмасы түсінікті. Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі кеңес дәуірінде жете зерттелмеді. Себебі, тарихты жасаушылар халық бұқарасы деген ұстанымның негізінде жеке адамдарға, олардың қызметтеріне дұрыс көңіл бөлінбеді. Қоғам қайраткерлері мен ғалымдарымыз қуғынға ұшырап, есімдері көпке дейін тарихымызға белгісіз болып келді. Ол кезде қазақ зиялыларының революциялық және қоғамдық қызметтеріне ғана назар аударып келді және біржақты көзқараспен жазылды. Ал заман ағымы болса маркістік-лениндік және басқада біржақты әдіснаманың тар өрістілігін ескере келе, тарихилық, ақиқат өлшемін басшылыққа ала отырып ұлт тарихын әділ жазуға мүмкіндік берді.Осыған байланысты алғашқылардың бірі болып, ғұмырын ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтымен байланыстырған академик Кеңес Нұрпейіс ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері мен Алаш жеткешілік еткен Қазақ автономиясының тарихын объективтік тұрғыдан зерттеу мәселесін көтерді. Бұл мәселеге байланысты көп жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде 1995 жылы «Алаш һәм Алашорда» монографиясын жариалады. Еңбек ғылыми айналымға жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар деректерге толы маңызды зерттеу жұмысы болып болып табылды. Бұл еңбекте Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты нақтылы оқиғалар зерттелген. Автор еңбегінде негізгі төрт тарауды қамтыған. Бірінші тарауды, мәселенің тарихнамасы мен деректік негіздерінде; екінші тарау, Алаш қозғалысының бастау көздеріне; үшінші тарау, Монархия құлағаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруі және Алаш партиясының құрылуы; төртінші тарау, Алашорда және Кеңес өкіметі мәселелеріне арналған. Сонымен қатар қосымша ретінде Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі, Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және Алаш қозғалысы жетекшілерінің көзқарас эволюциясы мен Кеңес өкіметі жылдарындағы тағдырына байланысты кейбір құжаттар қарастырылады [4].Алаш қозғалысы тарихы 60-жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келгендіктен зерттеушілер Алаш пен алашордаға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды. Бұған байланысты ғалым оннан аса мақала жариялап, Республикамыздың Алматы, Жезқазған қалалары мен Түркия мемлекетінің Анкара қаласында ғылыми-теориялық конференциялар мен конгресте баяндама жасады. «Алаш туралы сөз» атты деркеті фильмге ғылыми кеңесші, студенттер қауымына «Алаш және Алашорда» тақырыб бойынша арнаулы дәріс оқыды. Сөйтіп, ол Алаш ұлт-азаттық қозғалысы және «Алашорда» автономиясының тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін салушылардың бірі ретінде Алаш қозғалысы көшбасшыларының шығармашылығын зерттеу арқылы олардың саяси бейнесін сомдады. Тарих ғылымдарының докторы,профессор О.Х.Мұхатова «Кеңес Нұрпейістің Отандық тарихнамаға қосқан үлесі» атты мақаласында К. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда» еңбегіне тарихнамалық талдау жасайды. Онда «Дербес туындының бірінші тарауы «Мәселенің тарихнамасы және деректік негіздері деп аталады. Атауынан-ақ көрініп тұрғандай автор Алаш қозғалысы тарихының деңгейінің арнайы зерттеу нысаны етіп алған. Тарихнаманы бастамас бұрын ғалым кеңестік кезеңде зерттеуге тыйм салынған «ақ», «қарасы» айқындалмаған мәселені зерделеудің бағыттарын анықтады», - деп пайымдай келе, - «Сол уақытқа дейін әлі де болса аражігі толық ашыла қоймаған күрделі ұғымды нақты атап көрсетті. Мұнан соң автор бұл тақырыптың «құпия», «жабық» болу себептерін түсіндіру барысында мәселенің методологиялық тұстарын қоса қозғады. Алаш қозғалысының тарихнамасы хронологиялық-проблемалық әдіс арқылы талдаған ғалым оның зерттелу деңгейін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырған», деген сындарлы ой айтады. Сондай-ақ, тарихнамалық мерізмдеменің алғашқы кезеңіндегі зерттеулерге А.Байтұрсыновтың, С.Сейфуллиннің, Ә.Әйтивтің, А. Кенжиннің мақалаларын жатқызған ғалым олардың Алаш қоғалысына берген бағасына тоқталып өтті.Сонымен қатар, Кеңес Нұрпейіс Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында мынадай ой айтады: «Алаш (Алашорда) қозғалысы деген ұғым жирмасыншы-отызыншы жылдардағы ғылыми және саяси әдебиетте қалыптасты. Қәзіргі оқырман, әсіресе, ол жылдардан кейін дүниеге келген ұрпақ Алаш туралы жете білмейді, біле қойған күнде онысы шындықтан алысырақ. Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік себептері болды. Жиырмасыншы жылдардан бастап, әсіресе, 1928-1930 жылдары орын алған бұрынғы Алаш партиясы мен оның қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси сот процестерінен кейін, бұл тақырыпты нақтылы тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми түрде тиым салынды. Бірінші процестің барысында 47 адам тергеуге алынып, ОГПУ-дың сот алқасының 1930 жылғы 4 сәуірдегі үкімімен 35 адамға әр түрлі жаза кесілді.Атап айтқанда, Ахме Байтұрсынов бастаған он адам әуелде өлім жазасына кесілді. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов бастаған он адам әуелде өлім жазасына бұйырылып, кейін ол үкім он жылдық мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылды. 1932 жылғы екінші сот процесінің үкімімен Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы бес жылдық мерзімге Ресесйдің Орталық Қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысына) жер аударылады. ОГПУ-дың осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік "халық жауы" деген жалған айыппен ату жазасына кесілді.Сондықтан да, Алаш туралы шындық айтылмайтын болды да,бұл тақырып ресми түрде жабылды. Осының салдарынан алпыс жылдай уақыт бойы біздің ғылыми және саяси әдебиетте, жекелеген көркем шығармаларда мәселенің байыбына бармай, шындыққа сай келмейтін, Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын, оның жетекшілерін "буржуазияшыл ұлтшылдар", "халық жаулары" деп жамандайтын пікірлер жазылып, әр түрлі түрлі мінберлерден жалған сөз айтылып келді". Сөйтіп, Алаш тақырыбына осылай тыйым салынғаннан кейін оны зерттеу де мүмкін болмай қалды. Алаш партиясы мен большевиктердің, Алашорда үкіметі мен Кеңес өкіметінің шын мәніндегі ара қатынасын айқындайтын, Алаш қайраткерлерінің көзқарас эволюциясын ашып көрсететін, оның Орта Азия мен Еділ бойының түркі тілдес, мұсылман діндес халықтардың саяси партиялары және қоғамдық ұйымдары мен байланысын айқындайтын тарихи деректерді пайдалануға қатаң тыйым салынды, ал олардың кейбіреулері ғылыми айналымға таратылғанымен, мазмұны жағынан бұрмалауға ұшырады. Алаш қозғалысының түпнұсқалық деректері жарияланып тұрған "Қазақ", "Айқап" сияқты басылымдар бұржуазияшыл ұлтшылдардың ұйымдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмейді.Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін К. Нұрпейіс ұлттық тарихымыздың "ақтаңдақ" болып келеген беттеріне, оның ішінде Алаш қозғалысын жан-жақты қарастыруды қолға алды. Ғалым бастапқы кезде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізін төрт топқа бөліп қарастырады:
1. 20-30 жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер;
2. 1913-1912 жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;
3. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Түркия сияқты тағы басқа да елдердіңархивтері мен кітапханаларында сақталған деректер;
4. Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке мұрағаттарымен жарияанған еңбектерінде кездесетін деректемелер болып бөлінген.Осылайша төрт топқа бөліп қарастырылған Алаш қоғалысының тарихи деректемелік негізіне К.Нұрпейіс жеке-жеке анықтама беріп өткен.Ұлттық идея- саяси ұғым емес, үлкен мәні бар тәуелсіз рухани сана мәдениеті. Ұлттық идеясыз ешқандай халық дербес өмір сүре алмайды. Қазақ идеясы «Алашорда» тұсында өте биік, тәуелсіз мәдени, ғылыми, рухани сана сатысына көтерілді [4].Кеңес Нұрпейістің Алаш тарихын зерттеудегі өзіндік орнын айтқанда, ең алдымен мұрағат қорларында жатқан мұрағат қорларында жатқан беймәлім құжаттарды, деректерді тауып, зерттеуді жаңаша дәрежеге жеткізді. Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлерінің осы уақытқа дейінгі белгісіз болып келген белсенді әрекеттерін және біз біле бермейтін халқына адал қызмет еткен қайраткерлерді білуге мүмкіндік беруі үлкен мәнге ие.
Ғалым "Алаш партиясы шын мәніндегі партия болды ма?" деген сұраққа: " Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен саяси партия дегеннің не екенін, оның тарихи дамудың қай кезеңінде, қандай жағдайда пайда болатынын, оған қандай негізгі ерекшеліктер тән екендігін еске түсіре кеткеннің артықтығы жоқ. Әлемдік қоғамның даму тәжіребиесі көрсеткендей, саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы қоғамның таптарға бөлінуіне тікелей байланысты. Ең алдымен партия дегеніміз таптық немесе оның белгілі бір бөлігінің өкілдерін біріктіреді және өз қатарына солардың барынша белсенді құрайтын белгілі бір таптың немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін күреседі. Әрбір қалыптасқан саяси партияның программасы және оның ұйымдық құрылымы мен нақты ісқимылын белгілейтін Уставы болады".-деп нақты жауап береді [ 4, 70-б].Алаш тарихының мәселесін қазіргі таңда көптеген тарихшы ғалымдар да, жазушылар да зерттеп жүрген күрделі тақырып. Себебі К.Нұрпейіс бұл мәселе төңірегінде қазақстандық тарихшылар мен зерттеушілердің пікірлерін өзара салыстырып қарастырғандығынан анық көрінеді.Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен, оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау осы тақырыпты ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Олар осы кезге дейін Алаш қозғалысының көсемдеріне «буржуазиялық ұлтшылдар», «буржуазиялық либералдар», « қазақ ұлтшылдары» деген анықтамалар беру алаштық зиялылардың және олар басқарған саяси қозғалыстың қоғамдық дамудағы алатын орнына сәйкес емес деп есептейді. М. Қозыбаев Алашқа либералдыұлттық зиялылар партиясы деген анықтама бере отырып, оның идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасайды [ 5,235б].ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялыларының қалыптасуы, Алаш қозғалысы ғылымда тың деректермен тыйым салынған жариялыққа ие болуына байланысты жаңа қырынан зерттеліп, М.Қойгелдиев, Д. Аманжолова еңбектерінен көрініс табады. Зерттеуші ғалымдар «ұлт көшбасшылары болған Алаш зиялылары қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты еді, шын мәніндегі рухани ренессаныстың ұйытқысы болатын. Олар ұлттық нәрсенің бәрін қызғыштай қорыды, діни фанатизмге, ұлтшылдық, нәсілшілдік және өзге де соқыр сенімдерге ұрынбады», деген тұжырым түйіндейді. Жалпы ғылымда Алаш қозғалысына байланысты тиянақты шаралар атқарылды. Мәселенің деректері де талданып, бұрын жариаланбаған мұрағат құжаттары және өзге де материалдар жинақ түрінде жарық көруде. Алайда алғашқы рет К. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда» еңбегінде Алаш қозғалысының тарихы сараланады.К. Нұрпейіс: «Алаш туралы ақиқат әлі толығымен ашылған жоқ. Алаш, Алаш автономиясы , Алаш қозғалысы тарихын ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Мәселеге осы тұрғыдан қарауға республикамыздың қоғамдық ғылымдар өкілдері бірлесіп ат салысуы ләзім. Бұл ретте мына мәселелерді жан-жақты әрі терең қарастыру қажет сияқты, -дей отырып,
- Алаш қозғалысының бастау көздерін;
- 1917 ж. Ақпан мен Қазан төңкерісінің аралығында басқа партиялар мен ұйымдармен байланысын;
- Алаш қозғалысына тән ішкі қайшылықтарын;
- Жалпы демократиялық, ұлттық және таптық мәселелердің арақатынасын;
- Мәселелердің Алаш тарапынан қандай дәрежеде жүргізілгенін;
- Алаш қозғалысына қатысушылардың 1920 жылдан кейінгі тағдырын анықтасақ.
Міне, сонда ғана біз Алаштың ақиқатына жетеміз», деген [ 4, 75-б].
Көрнекті ғалым, ұстаз Кеңес Нұрпейісұліның жүрек соғысы тоқтағанмен, оның тарихи танымы әрбір адамның жүрегінен орын алды. Ғалым Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтымен қатар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университетінде жарты ғасырға жуық еңбек етті. Аға буын өкілдерінің дәстүрін жалғастырды. К. Нұрпейісті алғаш алаштану негізін қалаған тарихшы, академик және Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан. Ермеков, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов мұраларын жариялап, бағалауға ауқымды үлес қосқан ғалым ретінде де еліміз тарихында қалары сөссіз. Ол қазақ даласында саяси маңыз алған - Алашорда үкіметі, Алашорда қозғалысы жөнінде ғылыми зерттеуге мән берді. Отан тарихындағы Алашорда қозғалысы тарихының деректемелік негіздерінің алғашқы ғылыми жүйелеуді К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, Д.Аманжолова сияқты ғалымдар қолға алды.Ғылым бір орнында тұрмайды , уақыт өткен сайын жаңа мәліметтер, тың деректермен толықтырылып, соны көзқарастармен , ой-тұжырымдармен байытылады. Сол секілді Кеңес Нұрпейістің ғылыми мұрасы терең де, жан-жақты зерттелетіні анық
Белгілі тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелдиев алғашқылардың бірі болып 1994 жылы «Әлихан Бөкейхан. Публицистика және ғылыми мақалалар» деген еңбегін құрастырды. Бұл еңбекте Ә. Бөкейханның өмірі, қызметі жайлы, оның біраз публицистикалық шығармаларын жинақтап енгізді. Ғалымның кешенді еңбектерінің бірі «Алаш қозғалысы» деп аталады.
Сәкен Өзбекұлының «Арыстары алаштың: тарихи очерктер» деп аталатын еңбегі 1998 жылы жарық көрді. Еңбекте Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ұлт болашағы үшін күрескен Алаш зиялыларының азаматтық тұлғалары жан-жақты баяндалған.Алаш тарихында әлі де зерттеуді қажет ететін проблемалардың бірі Алаш зиялыларының тарихи көзқарастары. Осы мәселеге арналған Т.Омарбековтің «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» деген еңбегі жарық көрген [1]. Осы еңбегінде Алаш зиялыларының еңбектеріндегі тарихнамалық мәселелерді және олардың патша үкіметінің отарлау саясатына көзқарастары туралы жанжақты айтылады.Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан тарихының тарихнамасына байланысты еңбектер шыға бастады. Соның бірі Н.А. Бейсенбекованың Р.Жумашевпен бірлесі жазған «Қазақстан тарихының тарихнамасы» атты зерттеуінде Алаш зиялылары туралы арнайы тараулар бар.Бүгінде ұлттық тарихнамадағы өзекті мәселелердің бірі — тарихи тұлғалар, мемлекеттің құрылуы, жер мәселесі, ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейхан, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Мұстафа Шоқай т.б. қазақ зиялыларының тарихи мұраларында қазақ халқының тәуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдамалар жасалған.
Бүгінгі Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызды объективті түрде зерттеуге мүмкіндік туды. Тарихы жоқ халық болмайды, біздің халқымыздың тарихы тереңде жатыр. Ұлы Дала елінің тарихы ұрпақтан-ұрпаққа құйма құлақ қариялар арқылы жеткізіліп, шежіре тарқату арқылы бүгінге жетті. Сондықтан да қазіргі заманды түсіну үшін және болашақты болжауда өткен тарихымызды білудің маңызы зор. Алаш арысы Ә. Бөкейханның өз еңбектерінде сол көне тарих туралы жазуы 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасында» көрсетілгендей, тарихи білімнің іргелі принциптері бола алады. Сонымен қатар өткен тарихты оқып білудің маңыздылығына мемлекет тарапынан көңіл бөлінді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін, егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дей келе, тарихымызды бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады. Олай болса, осы терең ойлар «Мәңгілік ел» болып қалу идеясының негізгі ұстанымы және отандық тарихтың тарихнамасын жазудың методологиясы болады деп санаймыз.Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда саяси-құқықтық, қоғамдық және тарихи ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі — Ғұмар Қараш. 1910 жылы Уфа қаласында оның «Ойға келетін пікірлерім» деген кітабы жарық көрген. Бұл еңбегінде ол қазақ халқының арасында насихатты жақсартып, тәлім-тәрбие санасын көтеру туралы пікірлерін жазады. Оның «Қазақстан» газетінде жарияланған мақалаларының бағыт-бағдары — халықты білімге шақыру, көшпенділік салтынан арылу, өнер мен ғылымға бет бұру мәселелері төңірегінде болған.Ғұмар Қарашев (1910–1913 жылдары) Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында «Қазақстан» газетінде жұмыс атқарған кезде, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Қарлығаш», «Бедел қажы», «Тұрмыш», «Бала тұлпар» сияқты еңбектерін және 1914 жылы Орынборда «Аға тұлпар» деп аталатын өлең кітабын шығарды. Оның тарихқа деген көзқарасын мына ой-пікірлерінен көруге болады: «Ақ малтасын езіп ішіп, алаңсыз отырған біздің қазақ жұртын революция тасқыны келіп, басқа еш нәрсеге әзірленбеген, қартаң тарихтың қалай аяқ салатынын болжамаған сорлы қалай етерін, қайда кетерін білмей сасып қалуы. Саяси топтардың күресі «граждан соғысына» айналғанда, көбі қосақ арасында бос кетіп, құр далаға құрбан болуы. Ескі патшалық режимнен бізге жиіркеніш мирасы болып қалған бұзықтықтар, белгілі кейіпсіз пысықтар атқа мініп қалған әдеттері бойынша: «Құдай жаңа берді, шалу жоқ, қағу жоқ, момынның не бары менікі!» деген бағытқа түсілуі» .Алаш зиялыларының азаматтық және саяси ұстанымына сай Ғұмар да Қазан төңкерісінің жалпы адамзаттық гуманизмге қарсы бағытталған саясатын қабылдағаны жоқ. «Тұрымтай» жинағындағы «Неден қорқам?», «Жұртым саған не болды?» өлеңдерінде бір ғана қазаққа емес, тұтастай ұлттарға жасалып отырған қияс тәжірибенің қиямет зобалаңын, қасіретті алапат зардабын болжай білді.Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам, Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам. «Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып, Құрылған қараңғыда заңнан қорқам. Істері адамдыққа жанаспаған, Жануар — екі аяқты аңнан қорқам. Көлеңке елестеген бойдан қорқам, Түс көріп, өң деп ұққан ойдан қорқам, «Алаш» атты орда құрып шалқығанын, Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын, Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, Тірілікте көзімізбен көреміз бе?!. [3].Ол кеңес өкіметінің теңдікті жариялағанына, азаттық туралы алдамшы идеяларына сеніп, ұлттық езгіден көзін аша алмай жүрген қазақ халқының жаңа өмір жолына түсіп, өркениеттің биік шыңынан көрінуін армандады.Оның еңбектерінде Ресей империясының саяси-құқықтық басқару жүйесі енгізілгенге дейінгі Қазақстанда бостандық өмірде молшылықты ғұмыр кешіп, төрт түлік малы мол болып, ел билеген хандары мен билері әділ болғанын ерекше бағалап, әдеттік-құқықтық нормалармен реттелегенін жазады. Ол қазақ халқының дамыған мемлекеті болып, тарихын жазған. Автордың «Аға тұлпар» — деп аталатын еңбегінде патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен жер-су мәселесіндегі әділетсіздіктер және отарлық саясатының салдарынан қазақ халқының әлеуметтік саяси жағдайының қиындағанын көрсетеді.Жеткен емей немене: Мынау қазақ деген жұрт Кең далаға жайылып, Аңғырт өскен ел едік, Кезінде елмен тең едік. Күні бүгін болғанда Ол қоныстан айырылып Қанатымыз қайрылып Қажып тұрған ел едік [3].Ол патша үкіметінің ХХ ғасырдың басында ұлы дала елінің қазақ халқының құнарлы жерлерін 45 миллион десятина жерін тартып алғандығын суреттеген. Осы өлеңінде «Аға тұлпарда» Ресей үкіметінің қазақ халқының арасына «бөліп ал да, билей бер» тудырған саясатының нәтижесінде, қазақ даласында өтетін сайлаудың барысында елде партияшылдыққа бөлініп, атақ-дәреже, билік жүргізу, пара алу, лауазым үшін елін, жұртын, халқын сатқан болыстар жайлы былай дейді:
Замана азған шағында,
Мұндай да мұндай хал болды.
Ел ағасы паң болды.
Адалдық, ақтық білмейді,
Ары, діні мал болды.
Елге намыс келтірді, Ерді шағып өлтірді. Алым, пара ақы үшін, Жетім, жесір жылатты. Аз ғана күндік бақ үшін, Халқын сатты құл етті [3].