"Авиценна" Жоғары медициналық колледжі
Реферат
Тақырып: 198,544,324 бұйрықтар.
Орындаған:Тлеуғазина Г.Т
Тексерген :Оралханова.С.М
Топ:БС-401
2023 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
198 бұйрық
324 бұйрық
544 бұйрық
Қорытынды
Кіріспе
Бұйрықтың (нұсқаудың) негізгі мақсаты осы ұйымның алдында тұрған негізгі және жедел міндеттерді шешу болып табылады.
1.2. Бұйрық – кадрлық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және басқа да мәселелерді шешу үшін ұйымның басшысы ғана қабылдайтын құқықтық акт.
1.3. Бұйрық – ұйым басшысы жедел мәселелерді шешу мақсатында жеке өзі қабылдайтын, қолданылу мерзімі шектеулі және лауазымды тұлғалардың тар шеңберіне қатысты құқықтық акт.
1.4. Бұйрықтарды (нұсқауларды) жүйелеу қағидаттарын белгілейтін негізгі нормативтік құжат мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың қызметі процесінде қалыптастырылатын, сақтау мерзімдері көрсетілген үлгілік басқару мұрағат құжаттарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) болып табылады.
Негізгі бөлім
198 бұйрық
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3) жүктілікті жасанды үзген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) жүкті болған және босанған;
6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.
8. Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;
2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;
6) жүктілікті жасанды үзген;
7) жүкті болған және босанған;
8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
10) карантин;
11) ортопедиялық протездеу;
12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
324 бұйрық
Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Есепке тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің барына (жоғына) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар есепке алуға жатады.
4. Балаларды есепке алу тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ББАЖ) және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – МО АЖ) деректерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
Әр жаңа оқу жылында 20 қыркүйектен кешіктірмей балалардың есепке алуы аяқталады.
5. Балаларды есепке алу ББАЖ және МО АЖ мәліметі негізінде 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай деректер базасын құру және жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
6. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай мәлімет базасының мәліметі бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қатысуын қадағалайды.
Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары білім саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді әр жылдың 15 қазанына жолдайды.
7. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін жылсайынғы оларды есепке алу қорытындылары жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мен орта білім беру ұйымдарының мәжілістерінде қаралады.
8. Балаларды есепке алу бойынша мәліметтерді қалыптастыру деректері:
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ББАЖ деректері;
2) мектеп жасындағы балалар туралы ББАЖ деректері;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы ББАЖ деректері;
4) мемлекеттік емес ұйымдарда тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар туралы ББАЖ деректері;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының 0-18 жастағы балалар туралы мәліметі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің 0-18 жастағы қандастар балалары туралы мәліметі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.03.2021 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы 30 наурыз, 30 маусым, 30 қыркүйек және 30 желтоқсанда білім беру саласындағы уәкілетті органға 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметті "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестікке атестаттаудан өтуге сәйкес ББАЖ қолданысқа енгізген сәтке дейін МО АЖ-нен шығару арқылы ұсынады.
10. Блім беру ұйымдарында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ББАЖ мәліметін МО АЖ мәліметімен салыстырып тексереді, аталған балалар туралы ақпаратты ББАЖ-ға орналастырады.
3-бөлім. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының
балаларды, олар орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;
2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;
4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;
5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;
6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;
7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;
8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;
9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.03.2021 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. ББАЖ мәліметтері негізінде жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары:
1) тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейін балалардың мәлімет базасын, балаларды есепке алу қорытындылары туралы мәлімет, баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық деректерін жүргізеді;
2) балаларды есепке алу бойынша іс-шаралардың нәтижесінде тұру фактісі орны анықталмаған мектеп жасындағы балалардың тұрғылықты орны (мекендеу) туралы мүдделі мемлекеттік органдарға сұраныс жолдайды;
3) жалпы білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарға есеп, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдермен жеке профилактикалық шараларды жүргізеді,
4) ықпал ету шараларын қабылдау үшін жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы білім алушылар туралы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi ақпараттандырады.
Балалар туралы мәліметтері бар тізімдерді жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |