Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орнына түсу үшін және ары қарай оқуын жалғастыруы үшін бірден-бір арнайы білім алу көзі екендігі туралы тұрақты ой қалыптасқан.Жалпы білім беретін мектепдердегі дәстүрлі бейіндік емес даярлық мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасындағы ізбасарлықтың бұзылуына әкеліп,көптеген ақылы курстардың,репетиторлықтың,жоғары оқу орындарының(ЖОО)даярлық бөлімшелерінің ашылуына алып келіп отыр.Қалыптасқан жағдайды талдау жоғары сынып оқушыларының арнайы даярлық жүйесін,яғни бейіндік оқытуды енгізудің мүмкіндігі мен тиімділігіне негіздеме болып табылады.
Бейіндік оқытуға көшу келесі негізгі мақсаттарды көздейді және оның жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
оқушылардың индивидуалды білім беру бағдарламалврын құру мүмкіндіктерімен байлынысты жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын дифференциялау үшін жағдайлар жасау;
оқушылардың қабілеттеріне,индивидуалды қызығушылықтарына және қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі категорияларының толық білім алуға теңдей қол жеткізулеріне әсер ету.
оқушылардың әлеуметтендірілу мүмкіндіктерін кеңейту,жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы ізбасарлықты қамтамасыз ету,мектеп бітіруші оқушыларды жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге тиімдірек даярлау.
жалпы білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;
Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан метептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.