Қазақстан Республикасының Конституциясы: -Барлық азаматтардың мемлекеттік оқу орнында тегін міндетті орта білім алуы;
Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы заң: -Барлық балалардың білім алу құқығының сақталуы, тегін бастауыш, орта білім алу құқының сақталуы;
“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:
Келісім – шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.
Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшеліктері.
Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Негізгі орта білім беру сатысында (5-10-сыныптарда) бейіналды жұмыстары жүргізіледі.
Бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралау, жіктеудің педагогикалық жүйесі деген анықтама беріледі.
Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орнына түсу үшін және ары қарай оқуын жалғастыруы үшін бірден-бір арнайы білім алу көзі екендігі туралы тұрақты ой қалыптасқан.Жалпы білім беретін мектепдердегі дәстүрлі бейіндік емес даярлық мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасындағы ізбасарлықтың бұзылуына әкеліп,көптеген ақылы курстардың,репетиторлықтың,жоғары оқу орындарының(ЖОО)даярлық бөлімшелерінің ашылуына алып келіп отыр.Қалыптасқан жағдайды талдау жоғары сынып оқушыларының арнайы даярлық жүйесін,яғни бейіндік оқытуды енгізудің мүмкіндігі мен тиімділігіне негіздеме болып табылады.