Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар болатын теориялық білім болып табылады. Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды
Бейіндік оқытудың ерекшеліктері оны жүзеге асырудың сан алуан түрлі формаларынан туындайды. Түрлі деңгейдегі мектептерді осылай ұйымдастыру арқылы тек таңдалған бейін мазмұны жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен оқушылардың әрқайсысы үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бірге басқа бейіндік пәндердің де мазмұнын меңгеру мүмкіндігі беріледі. Ол мүмкіндік білім беру үдерісін ұйымдастырудың сан алуан формалары (қашықтан оқу курсы, экстернат) арқылы да және түрлі білімдік ұйымдардың (жалпы білім беру, қосымша білім беру, бастауыш, орта кәсіби білім беру т.б.) қауымдасуы (білімдік ресурстардың бірлестігі) арқылы да іске асырылады. Бұл жағдай бір жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына білімдік тұрғыдан қажеттіліктері мен қызығушылықтарын толық жүзеге асыруға тірек болатын екінші білім беру ұйымдарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік туғызады