Орындаған: Тексерген


Радиоактивті қалдықтар (РАҚ)



бет4/5
Дата25.11.2023
өлшемі1,7 Mb.
#126886
1   2   3   4   5
Радиоактивті қалдықтар (РАҚ) дегеніміз радиоактивтілік деңгейі қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды еркін қолдануға шектеу қойылған, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклид көздері. РАҚ әртүрлі сипаттамалары бойынша классификацияланады: агрегаттық күйі (газ, қатты, сұйық), жартылай ыдырау периоды, меншікті белсенділік (удельная активность), сәулелену құрам және т.б. Ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде үлкен көлемде қатты РАҚ жиналады, атап айтанда, электр қауттылығы 1ГВт болатын АЭС жылына 300-500 м3 қатты РАҚ шығарады, қолданылған ядролық отынды қайтадан өңдеу барысында 10 м3 жоғарғыактивті РАҚ, 40 м3 орташа активті, 130 м3 төменгі активті қалдықтар түзіледі.
Агрегаттық күйі бойынша радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді. Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау жүйесі оларды жинауды, залалсыздандыруды, қайта өңдеуді, сақтау және (немесе) көмуді, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қамтиды. Одан әрі қолдануға жарамсыз радионуклидті көздер қатты радиоактивті қалдықтар ретінде қарастырылады және уақтылы есептен шығарылып, көмуге тапсырылады. РАҚ сұрыптау салыстырмалы белсенділігі мен радионуклидтік құрамына (соның ішінде альфа-сәулелендіруші радионуклидтер бойынша), физикалық табиғатына және болжанған қайта өңдеу әдісіне байланысты жүргізіледі. Қайта өңдеу әдісі бойынша қатты радиоактивті қалдықтар (ҚРҚ) сығымдалатын, жағылатын, ұсақталатын және қайта балқытылатын болып бөлінеді. ҚРҚ қайта өңдеу және кондициялау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. ҚРҚ қайта өңдеу мен кондициялаудың технологиялық операциялары олардың көлемін қысқарту және оларды қауіпсіз сақтауды және (немесе) көмуді қамтамасыз ететін түрге ауыстыру мақсатында жүргізіледі. Металл ҚРҚ көлемін азайту мақсатында оларды қайта балқыту жүргізіледі. ҚРҚ балқыту кезінде радионуклидтерден бөлінетін газдарды гигиеналық нормативтерде белгіленген деңгейге дейін тазарту қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаға шығарылуы санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен регламенттелген химиялық зиянды заттардан тазарту жүргізіледі.
Сұйық РАҚ (бұдан әрі – СРҚ) үшін – жинағыш-контейнерлер немесе арнайы цистерналар қолданылады. Объектіде радиоактивті қалдықтарды жинауға, сақтауға және тапсыруға жауапты адам тағайындалады. Жұмыс процесінде пайда болатын радиоактивті қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығаруға дайындау бойынша мәліметтер есепке алу журналына енгізіледі. Жинағыш-контейнерлер өлшемдері мен конфигурациясы радиоактивті қалдықтардың типімен және мөлшерімен, радионуклидтердің түрімен, сәуле энергиясымен және белсенділігімен айқындалады. Олар механикалық берік болуы, олардың орнын ауыстыруға және тасымалдауға мүмкіндік беретін берік ілмектері мен құралдары болуы тиіс. Жинағыш-контейнерлердің ішкі беттері бірқалыпты түйіндесуі, тегіс болуы, қышқылдармен және басқа да дезактивациялағыш материалдармен өңдеуге жол беретін нашар сіңіретін материалдан жасалуы тиіс. Жинағыш-контейнерлердің сыртқы бетінде радиациялық қауіптілік белгісі орнатылады және бирка ілінеді, онда объектінің атауы, радиоактивті қалдықтар түрі, радионуклидтер құрамы, олардың белсенділігі және болжамды қайта өңдеу әдісі көрсетіледі. Жинағыш-контейнерден 1 м қашықтықтағы сәуле дозасының қуаты 40 мкЗв/сағ аспауы тиіс. Жинағыш-контейнерлерді радиоактивті қалдықтармен толтыру олардың төгілу немесе шашылу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі. Қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және көму жөніндегі мамандандырылған ұйымдарда (бұдан әрі – МҰ) немесе РАҚ көму пунктінде (бұдан әрі – РҚКП) өңделуге жататын СРҚ рН=7 дейін бейтараптандырылады. Бейтараптау объектіде жүргізіледі. Жинау кезінде СРҚ жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөлінеді. Жанатын СРҚ өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін бөлек ыдыстарға жиналады. РҚКП-ның айналасында радиусы 1000 м болатын санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан кейін – СҚА) орналасуы шарт. СҚА аумағында өнеркәсіп және азаматтық объектілерді, сондай-ақ РҚКП-ға қатысы жоқ объектілер мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.
РАҚ көму орындарын таңдау гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып, жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, ұзақ мерзімді болжауды ескере отырып, қалдықтарды оқшаулаудың бүкіл мерзімі ішінде халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. РАҚ жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде халықтың сәулеленуінің тиімді дозасы жылына 10 мкЗв-дан аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет